Баласы сабақтан қалған ата-анаға қанша айыппұл салынады? - на finance.bugin.kz
Alisher - на finance.bugin.kz Alisher

Мәселе прокуратура арқылы сотқа жіберіледі

Егер оқушы сабаққа белгілі бір уақыт көлемінде келмей жүрсе, кәмелетке толмаған балалардың комиссиясында қарастырылып, мәселе прокуратура арқылы сотқа жіберіледі. Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева баласы сабақтан қалған ата-аналарға неше теңге айыппұл салынатынын айтып берді.

"Білім беру туралы заңда әр ата-ана өз баласының білім беруіне өзі жауапты делінген. Егер оқушы сабаққа белгілі бір уақыт көлемінде келмей жүрсе, біз кәмелетке толмаған балалар комиссиясында қарастырып, мәселені прокуратура арқылы сотқа береміз", - дейді Суханбердиева.

Соңғы шешімді әкімшілік сот шығаратын көрінеді. 

"Сот оқушының жағдайын қарап, ата-анаға жауапкершілік жүктейді. Ол айыппұл түрінде болса, 3 МРП-дан (7 575 теңге – 2019 жылы) басталады. Бұл үшін бізде кәселетке толмағандар ісімен айналысатын арнайы комиссия құрылған. Сабаққа көп қатыспайтын балалар әрдайым министрліктің және балалар құқығын қорғау комитетінің қадағалауында. Ата-аналар болса, өздерінің ата-ана құқығынан айырылуына дейінгі деңгейде үлкен жауапкершілік арқалайды", - дейді вице-министр.

Әкімшілік құқықбұзушылықтар Кодексіне сай, ата-ана немесе баланың заңды өкілдері тәрбие мен білім беру міндетін атқармаса, 7 МРП (17 675 теңге) айыппұл төлейді. Дәл сол құқықбұзушылық тағы бір рет тіркелсе, 20 МРП (50 500 теңге) айыппұл салынады немесе 15 күндік әкімшілік қамауға алынады.

0 Пікір Кіру