Біздің елде жанармай неге қымбат? (зерттеу мақала)  - на finance.bugin.kz
Салем алем - на finance.bugin.kz Салем алем

1 литр АИ-92 бензинінің шын мәніндегі өзіндік құны қанша?

...Бүгінгі таңда бұл бір үлкен жауабы жоқ сұраққа айналып отыр, қызығы мұнайдың ортасында отырсақта. Ия бұл тақырыпты маған дейін де қоғамның біраз жанашырларымен бірқатар журналистер мәселе етіп көтерген болатын-ды. Алайда мен осы салада біраз тәжірибесі бар сарапшылармен, аналитиктермен экономистермен, маркетинг және консультант мамандармен кеңесіп, көптеген мәліметтер жинадым.

Біз сіздермен халық арасында кеңінен қолданысқа ие АИ-92 бензинінің шын мәніндегі бағасы жайында әңгімелейтін боламыз. Жалпы 1 литр АИ-92 бензинінің өзіндік құны 50 теңге. Ия негізінен бұл бағаны анықтау үшін нарықтағы орташа динамикалы,өзінің орташа қаржылық көрсеткіштері бар мұнай компанияларын қарастырдық.  Әрине нағыз бензиннің дәлме-дәл өзіндік құнын анықтау қиын негізінде. Неге деп отырған шығарсыз. Өйткені бір жерде шикізат сапасы, ал енді бір жерде компанияның структурасы мен құрылымы, атқаратын функциясы, менеджмент стратегиясы секілді дүниелер өз әсерін тигізеді.

Сонымен бензиннің скважинадан жанар-май құю бекетіне дейінгі циклды қарастырамыз. Бензин өндірісі негізгі 2 үлкен процестен тұрады. Ол – өндіру,оған барлау,скважина қазу, қысқасы мұнайдың жер астынан жер бетіне шыққанға дейінгі барлық процесстер, жер бетіне шыққан сұйықтық таза мұнай болып табылмайды. Оның құрамында тұз, су, мұнай және тағы басқа механикалық қоспалар. Онан соң келесі процесс, яғни жоғарыда пайда болған аталмыш сұйықтықтан таза мұнайды бөліп алу. Қазақстанда мұнай сапасы жақсы болмағандықтан, өндіру барысында қаржының басым бөлігі осы процесске жұмсалады. Ол шамамен-16% құрайды.

Әрі қарай тасымалдау процессі. Ол шикі мұнайды мұнай өңдеу зауытына тасымалдау. Құны шамамен-4 %. Одан әрі кейінгі процесс-өңдеу. Бұл жерде шикі мұнай таза бензинге айналады. Құны – 9 %. Одан соң жанармай бекеттеріне жеткізу, тасымалдау, резервуарларда сақтау – 3 % құрайды. Сонымен нәтижесінде 32% – 47 теңге, яғни бүгінгі орташа курспен (1литр АИ-92 =146 теңге) бұл 1 литр АИ-92 маркалы  бензиннің салықпен т.б шығындарды есептемегендегі таза өзіндік құны. Осы жерден үлкен сұрақ туындайды. Неге үлкен айырмашылық?  Біз әлі мұнда салықпен қосалқы шығындарды қосқан жоқпыз. Салық сатылымнан кейінгі процесс.

Бензин сату үшін қандай салық түрлері бар? Олар  жер қойнауын пайдаланушыларға арналған салық түрлері, жалпылама жанармай өндірушілеріне арналған салық, КПН, НДС, акциз, НДПИ және т.б салық түрлерін 50% деп орташа есеппен алдық. Нарықта салық үлесі   60  %-ды құрайтын компаниялар бар, сонымен қатар салық үлесі 40 %-ды құрайтын компаниялар бар. Орта есеппен салықтар 50 %-ды құрады, ол теңгеге шаққанда – 73 теңге.

Таза пайда нормасы мұнай өндіретін компаниялар үшін 17-25% құрайды. Міне 1 литр АИ-92 бензинінің таза өзіндік құны. Таза құны – 32% = 47 теңге,  салық –  50%= 73 теңге, компания пайдасы – 17-25% = 25-36 теңге.

Картина көрсеткенедей шамамен 50% -дан аса қаржы салыққа жұмсалып отыр. Бұл жерде мемлекет салық арқылы мұнай өндіруші компаниялардан да көп табыс тауып отыр. Нәтижесінде осы салықтарды литрлеп сатып алатын сізбен біз секілді тұтынушылар төлейді. Ал бұл әлі күнге дейін үлкен сұрақ күйінде қалып отыр.

0 Пікір Кіру