Қазақстан-Түркия тауар айналымы 10 млрд долларға жетеді - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 5 млрд долларға жетті.

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымының көлемін 10 млрд долларға дейін жеткізуге болады. Мұндай жағдайдың қарастырылғанын елордада Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловпен кездесуде айтты. Бұл туралы inform.kz хабарлайды. 

«Біз екіжақты қарым-қатынасты барынша нығайта береміз. Менің құрметті бауырым (Бейбіт Атамқұлов - авт.) айтқандай, ортақ байланысымызды күшейте беруіміз керек. Түркі әлемінің ақсақалы Нұрсұлтан Назарбаев пен біздің Президент Ердоған бізге нақты тапсырмаларды жүктеді. Осы қойылған межелерді бағындырған дұрыс. Біз екі ел арасындағы тауар айналымын 5 млрд долларға жеткізгіміз келеді. Бірақ, жақсы жұмыс атқара білсек, бұл көрсеткішті 10 млрд долларға жеткізуге болатындай әлеует бар», - деді Мевлют Чавушоғлу.

Бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған ортақ тауар айналымын 5 млрд долларға дейін көтеруді мақсатқа айналдырған еді.

Айта кетсек, болған бұл кездесуде Бейбіт Атамқұлов екіжақты тауар айналымын 5 млрд долларға жеткізудегі жұмыстың нәтижелері мол болғанын атап өтті.

«Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында екіжақты тауар айналымы алдыңғы жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 50 пайыздан астам өсімді көрсетіп, 632 млн долларға жеткенін атап өткім келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының түрлі салаларында түрік капиталының қатысуымен 2200-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Біз «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жандандыруға уағдаластық», - деді Бейбіт Атамқұлов.

0 Пікір Кіру