Қытай сауда-соғыс шиеленісін ушықтырып отыр - на finance.bugin.kz
Orash - на finance.bugin.kz Orash

Қытай: соңына дейін күресеміз

Қытай егер АҚШ сауда-саттық соғысын одан ары күшейте берсе, «соңына дейін күресуге» уәде берді

Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Гэн Шуанг Reuters агенттігіне берген сұхбатында: «Қытай сауда-саттық соғысын жүргізгісі келмейді, бірақ біз сауда-саттық соғысынан қорықпаймыз», - деп мәлімдеді. Бұл оның Президент Дональд Трамптың егер Қытайлық әріптесі Си Цзиньпиң айдың соңында Жапониядағы G-20 бас қосуында онымен кездесуден бас тартса  Қытайдың барлық тауарының кедендік салық тарифін 25%-ке көтеруді шын мәнінде іске асырамын деген сөзіне қайтарған жауабы еді.

Трамп дүйсенбі күні CNBC-ге берген сұхбатында  былай деді: «біз кездесуді күтеміз, егер кездесе алсақ онда жақсы, олай болмаған жағыдайда – біздің көзқарасымыз бойынша ең дұрыс шешім  600 млрд доллар тұратын тауардың кедендік салық тарифін 25%-ке көтеру».

Трамп осы кезге дейін Қытайдан кіретін 250 миллиард долларға жуық тауардың баж салыған артығымен алған болатын. Ол тағы да 300 миллиард АҚШ доллар тұратын тауарға 25% немесе одан да жоғары тарифтерді қоя алатынын айтты. Ол тауарларға смартфондар, ноутбуктар, теледидарлар, компьютер мониторлары, видео ойын консолі және флэш дискілер кіреді.

0 Пікір Кіру