Алтынды ломбардқа  өткіземіз бе?! - на finance.bugin.kz
Гүлмира - на finance.bugin.kz Гүлмира

Ломбард жайлы

Қазір қаланың көркі – ломбард. Ақша айырбастау орталықтарынан  кейін көшелерде ең жиі жолықтыратын жер осы мекеме болып табылады. Ең қызығы ломбардтың пайдасы қазірде жасқа да кәріге де бірдей тиіп жатыр. Тек қалтаңызда төлқұжатыңыз, кепілге қояр дүниеңіз болса жеткілікті. Кепілге қойылатын бұйым, бағамдап отқаныңыздан алтын мен күміс, асып бара жатса бриллиант болар. Ақшаға мұқтаждық туа қалса, ломбардқа жүгіру әдетімізге айналып барады. Той болса кредитке жасап, өзгенің тойына бару үшін алтынымызды ломбардқа өткізіп бірталай қаржы алып жатамыз. Алайда сол қаржының әсерінен өзіміз қаншалықты зиян келіп жатқанын білмейміз.

Жақында ғана журналистер ломбард мәселесі бойынша эксперимент жүргізіп көрген болатын. Олар екі сақинаны алып, ломбардтарды жағалып көрген. Таңқаларлығы әр ломбард өздерінше баға ұсынған екен. Кейбірі 47 мың теңге тұратын сақинаны небәрі 5 мың теңгеге бағалаған. Ендібірі екі сақинаны қосқандағы сумма -7 мың теңге болады деп шошытқан екен. Тіпті осы ломбардтарға жолай қалсаңыз, оның жанында жүретін алтын сатып алушыларға кез боласыз. Олар маған көмектеседі деп қуанбайақ қойыңыз, бұларда өз пайдасын ойлап қалғандар. Сіздің ақшаға мәжбүр екендігіңізді көреді де, алдар-арбап бұйымыңызды алып қояды. Сондайлардың біріне менің   группалас қызым жолыққан болатын. Оған ақша қатты қажет болып, алтын сырғасын өткізбекке ломбардқа барады. Жолда бір әйел кісіге тап болып, ломбардтағыдан кішкене жрғары сумма ұсынған соң , қолындағы алтын бұйымын сатып жібереді. Бірақта кейіннен қатты өкінгенін жеткізді. Ең дұрысы-ломбардқа өткізуім керек еді,-деп күрсінді.

Шыныменде ломбардқа бір затыңызды қояр болсаңыз, белгіленген мерзімде қайтып алу мүмкіндігіңіз болады. Ал, ендібір жерлерде ала алмай қалуыңызда ғажап. Себебі ломбард мемлекет тарапынан қадағаланбайды. Сол үшінде қазіргі ломбардтар екі түрге бөлінеді. Біршама әшекей бұйымдарды жинап алып тайып тұрушылар мен заңды түрде қызмет атқаратындар болып. Дегенмен қазірде ломбардқа жүгінетіндер санының көп болуына байланысты 2- түрдегі мекемелер саны артуда. 

Қорытындылай келе, қайда барам десеңізде өз еркіңізде. Ломбард жанында жүргендерге де жүгінуіңізге болады. Алайда олардан сізге еш пайда болмасы анық. Егерде ломбардқа өткізер болсаңыз, керек қаражатыңызды алыңызға мүмкіндік бар. Мұнымен біз ломбардтарға жарнама жасайын деген ойымыз жоқ. Алтыныңызды қайда өткізуді өзіңіз шешіңіз! Әрине, солай жасау керек болса.

0 Пікір Кіру