Еуропалықтар Иранға көмектеспек  - на finance.bugin.kz
Orash - на finance.bugin.kz Orash

Еуропалықтар Иран сауда-саттығына капитал салуды жоспарлап отыр

WSJ газетінің 26 маусымдағы  ақпаратынша, ресми тұлғалар Еуропадағы бірнеше елдің үкіметі осы аптада Иранмен экономикалық байланыстарды сақтау үшін көп күш жұмсайды деп мәлімдеген, олар Иран мен Батыстың саудалық жолдарын құрудың арнайы механизміне көмектесу үшін несие желісін де ұсынған.

Еуропалықтар Тегеранның 2015 жылғы ядролық келісімде көрсетілген міндеттемелерді елемегеніне, және Вашингтонның Иранға экономикалық қысым жасауды талап етуіне қарамастан осындай қадам жасауды жоспарлап отыр. 

Иран мен Америка Құрама Штаттары арасындағы шиеленістер әскери қақтығысқа жалғасуы мүмкінболып тұрғанкезде, Еуропалықтардың бұл қадамы БатыстыңТегеранға қатысты саясатыныңәр алуандығын көрсетті.

Бұған дейін Еуропаелдері Трамптың 2018-ші жылдың мамыр айында алып тасталған ядролық бағдарламасының сенімді жақтаушысы болып келген. Құрама Штаттар Иранға қатаң экономикалық санкциялар енгізуіне байланысты, Иран экономикасы терең құлырауға ұшырады. Ал Еуропа елдері АҚШ-тың шектеулерін еш жеңілдете алмаған болатын.

Соңғы күндерде, Иранның байытылған уранның сақтау мөлшерінядролық келісімде көрсетілгеннен арттырамыз деп қорқытуына қарамастан, еуропалық шенеуніктерИранменсауда байланысынсақтап қалу үшін құлшыныстар жасай бастады.

Бұл құлшыныстың басты мақсаты – Франция, Англия және Германия елдері Instex деп аталатын компания құру арқылы, еуропалық компанияларға Иранмен арадағы тауарларды ешбір тікелей капитал айналымынсыз импорттауға және экспорттауға мүмкіндік береді.

0 Пікір Кіру