АҚШ Қытайға 1980-ші жылдардағы Жапонияның кебін кигізбекші - на finance.bugin.kz
Orash - на finance.bugin.kz Orash

Вашингтон АҚШ-Қытай саудасын да өз бақылауында ұстағысы келеді

Америка Қытайға бұрынғы Жапонияның кебін кигізуге тырысуда. Тараптар арасындағы сауда қатынастарына қатысты профессор, LIU Post-тың экономика кафедрасының меңгерушісі Panos Mourdoukoutas-тың тұжырым мақаласы Forbes.com сайтында жраияланды.

Мақала мазымұны төмендегідей:

Вашингтон 1980-ші жылдардағы АҚШ-Жапония саудасын өз шеңгелінде ұстағаны сияқты, АҚШ-Қытай саудасын да өз бақылауында ұстағысы келеді.

Бұл тұжырым сауда-саттық келіссөздерінің басталуынан-ақ анық болды. Мамыр айындағы келіссөздердің тығырыққа тірелуіне байланысты жағдай одан ары ушықты.

Тараптардың арасындағы өткір мәселелер келіссөздердің негізгі мақсаттары емес. Пекин бірқатар американдық өнімдерге бағытталған тарифтерді қысқартуға және импорт мөлшерін арттыруға дайын екенін бірнеше рет көрсетті.

Дәлірек айтқанда,мәселенің түйіні-сауда келісімін қалай жүзеге асырғанда Вашингтон Қытайдан комақты пайда түсіре алатындығында

Бұл сондай-ақ, 1980-ші жылдардағы АҚШ пен Жапония арасындағы сауда келіссөздерінің  басты түйіні болған еді.Ол кезде Америка Құрама Штаттары «Сауда және бәсекелестік туралы жалпыға ортақ заңы» деген формуланы ортаға қойған болатын.

Мәселенің мән-жәйі мынадай:

1980-ші жылдары жапон экономикасы айтарлықтай дамыдып, өнімдері арзан болды және батыс елдерінен қыруар пайда тапты. Және бүкіл әлем бойынша активтерді сатып ала бастады, мысалы, америка экономикасының символы саналытын - Рокфеллер ғимаратын сатып алу сияқты астамшылдық әрекеттер жасай бастады. Бұны тоқтату үшін Америка Құрама Штаттары мен басқа батыс елдері Жапон иенінің  бағасын көтеріп жіберді. Жапондықтар келіспеуге шарасыз болды, өйткені АҚШ әскери жақтан қысым көрсетті. Иеннің құны үш есе өсті. Бұл жағыдай Жапон экспортының күрт төмендеп импорттың айтарлықтай өсуіне әкеліп соқтырды.

1983-ші жылдың қарашасында Рейган әкімшілігі Жапонмен капитал нарығын ашу және жапон  иенінің құнын өсіру туралы келіссөздерді бастады, бұл 1985-ші жылғы қыркүйекте болған Плаза келісіміне жалғасты.

Сонымен қатар, 1985-ші жылдың басында екітарап алдыңғы шепте, нарыққа бағытталған бөлімдер туралы сезімтал келіссөздер жүргізді. Келіссөздер барысында электроника, медициналық жабдықтар, телекоммуникациялар және фармацевтика қатарлы сауда қақтығысына тікелей қатысты нақты төрт саладағы мәселелер талқыланды. Бір жылдан кейін, 1986-шы жылы тараптар құрылымдық экономикалық диалогты құруға келісті, Бұл белгілі бір өнімдер үшін сауда-саттық мәселелерін тұрақты түрде (алты ай сайын бір рет) бір жақтылы етіп тұратын “құрылымдық кедергілер үндеуінің” бастамасы болды. 1988-ші жылы АҚШ Конгресі шын мәнінде АҚШ-Жапония саудасын Вашингтонның бақылауда ұстауына негізделген «Сауда және бәсекелестік туралы жалпыға ортақ заңын» қабылдады.

Ақырында, Жапонияның америкалықтардың талаптарына мойынсұнудан басқа таңдауы қалмаған еді.

Бірақ сыртқы қысымға қарамастан, үлкен шығынға ұшыраса да,Қытайдың Жапонияға ұқсамайтын жерлері бар. Бұны Қытайдың ұзақ тарихынан көруге болады.

Сондықтан Бейжің Америкаға Жапонияға қолданған формуланы өзіне қолдануға мүмкіндік бермейтіндей сыңай байқатады, өйткені сауда келіссөздері қайтадан басталады.  Қытайдың ресми ақпараттық агенттігі Осака кездесуінен кейін президент Ши мырзаның «келіссөздер теңдік пен өзара сыйластыққа негізделуі керек» деген сөздерін пайдаланып мәлімдеме жариялады. Бұл Қытайдың Америка Құрама Штаттарының болашақтағы келісімдерді жүзеге асыру үшін Қытайға айыппұлдық тарифтерді енгізуіне байланысты білдірген болымсыз қарсылығы іспетті болды.  

«ҚХР-ның болымсыз қарсылығына қарағанда олар Құрама Штаттардың Қытайға қарсы жазалау тарифтерін шығаруына мүмкіндік береді », - дейді PNC Financial Services Group-тың аға экономисі Билл Адамс.

Әлбетте, келіссөз жүргізуші тараптар Бейжіңнің абыройын сақтап қалуға мүмкіндік беретін жаңа формуланы жасауы керек. Бірақ бұл үшін ұзақ уақыт қажет деп түйіндейді профессор Panos Mourdoukoutas.

0 Пікір Кіру