Мемлекет көпбалалы отбасы мүшелерінің қарызын жеке-жеке өтеп беретін болды - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Ол 13 қыркүйекке дейін жасалуы тиіс

Кепілсіз несиесі кешірілетіндердің тізімін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындап жатыр. Ол 13 қыркүйекке дейін жасалуы тиіс.

Мемлекет көпбалалы отбасы мүшелерінің қарызын жеке-жеке өтеп беретін болды. Бұл ақпаратты Ұлттық Банкке сілтеме жасаған LS порталы хабарлап отыр, дейді Астана телеарнасы.

Мәселен, көпбалалы отбасының банк алдында берешегі 750 мың теңгені құрайды. Анасы банктен 250 мың, ал әкесі 500 мың теңгеге тұтынушылық несие алған. Бұл жағдайда мемлекет анасының қарызын толық өтеп берсе, әкесі алған кредиттің 300 мың теңгесін төлейді. Қалған соманы банкке отбасының өзі қайтаруға міндетті.

Кепілсіз несиесі кешірілетіндердің тізімін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындап жатыр. Ол 13 қыркүйекке дейін жасалуы тиіс.

Айта кетейік, Президенттің кредиттерді кешіру туралы Жарлығы 26 маусымнан бастап қолданысқа енгізілген. Бұл көмек 500 мыңға жуық қазақстандыққа көрсетіледі.

zakon.kz

0 Пікір Кіру