Әлеуметтік көмек: 21 мың теңгеге қол жеткізген көпбалалы ана кәсібін ашты - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Әлеуметтік көмек

Елімізде жұмыссыз, тұрмысы төмен азаматтар мен табысы төмен отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан тұрмыс сапасын арттыруға және өзін-өзі жұмыспен қамтуға бағытталған арнайы бағдарламалар бар.

Солардың бірі – көп балалы аналарға арналған атаулы әлеуметтік көмек. Сәуір айынан бері аталмыш бағдарламаға құжат тапсырып, көмекке қол жеткізгендері бүгінде тұрмыстарын тіктеп жатыр. Мәселен, Түлкібас ауданы, Қабанбай ауылының тұрғыны Гүлнара Таштемирова мемлекет тарапынан тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек қаржысына  үй құстарын сатып алып, кішігірім өз шаруашылығын ашқан.

«Осы күнге дейін алатын болмашы тиын-тебеніміз біріне жетсе, біріне жетпейтін. Амал жоқ, жоғына барын құрап «жоқ» демей өмір сүріп келдік. Сөйтіп, қажетті құжаттарымызды жинап, көмек алуға асықтық. Сондағы ойымыз баршылықта, молшылықта өмір сүретін болдық қой дегеніміз. Расымен де, атаулы көмекті алған соң жағдаймызда едәуір жақсарды. Баяғыдай, жамап-жапсыру азайды. Балалар да керек-жарағын, тәтті кәмпиті мен ойыншық мәшинелерін алып, қуанды. Бұл біздер үшін үлкен қуаныш болды. Қарапайым халық үшін жасалған бұл көмек бәріміз үшін қолдауға ие дүние болды. Аз уақыттың ішінде алған ақшамызға үй шаруашылығында 150 бас қаз алып бағудамын. Олардың жемін, дәнін алып барынша жағдайын жасап отырмын. Алдағы уақытта да осы салада жұмыс жасап, тұрмысым мен жағдайымды жақсартқым келеді. Бізге осындай өлшеусіз көмек көрсеткен Үкіметке ана ретінде алғысым шексіз», – дейді ол.

Гүлнара апай алдағы күндері қаздарының басын көбейтіп, етін саудалауды көздейді. Ал, қауырсындарынан жастық жасауды ойластырып отыр.

inbusiness.kz

0 Пікір Кіру