Қытай қарызға белшесінен батты - на finance.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на finance.bugin.kz Асхат Қасенғали

Қытай қарызы көп елдер арасында көш бастады

Қытайдың сыртқы қарызы орасан зор деңгейге жетті. Бүгінде ол ЖІӨ-нің 303% құрап отыр. Соңғы уақытта Қытай экономикасы өсуін тежеп, 27 жыл бұрынғы деңгейге жеткен. Яғни қазіргі Қытай экономикасының өсуі тек 1992 жылғы көрсеткішпен сәйкес келеді дейді Bloomberg басылымы.

Қытай үкіметінің сыртқы қарызды азайту мақсатында жасаған қадамдары АҚШ-пен сауда соғысынан кейін іске аспай қалған. Қытайдың сыртқы қарызы 40 трлн долларға жеткен. Бұл әлемдік қарыздың 15%-ы. Қытайдан кейінгі орынға 22 трлн доллар қарызбен АҚШ жайғасқан. Бейжің-Вашингтон сауда соғысы аяқталмаса, Қытай қарызы арта бермек дейді сарапшылар.
0 Пікір Кіру