3 банк бірігетін болды - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Шешім қабылданды

«AsiaCredit Bank» АҚ (АзияКредит Банк)», «Capital Bank Kazakhstan» АҚ және «Tengri Bank» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысында ерікті түрде қайта құру жөнінде түпкілікті шешім қабылданды.

Алматыда үш банк: «AsiaCredit Bank» АҚ (АзияКредит Банк)», «Capital Bank Kazakhstan» АҚ және «Tengri Bank» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы болып өтті. Акционерлер үш банкті біріктіру арқылы қайта құруды мақұлдады.

Банк акционерлерінің құрамында Үндістанның Punjab National Bank атынан шетелдік инвестордың стратегиялық иелік ету үлесі сақталмақ.

Қайта құрылып, іріленген банк бұрынғы позицияларды жалғастыра береді, тұрақты даму саясаты сақталады. Сондай-ақ, қызметкерлері де жұмысын жалғастырады. Аталмыш қаржы институты бөлшек сауда, шағын және орта бизнесті күшейтуді жоспарлап отыр.

Айта кетсек, қосылу процесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі және қажетті реттеуші органдардың, оның ішінде Ұлттық банктің рұқсатын алғаннан кейін басталмақ.

inbusiness.kz

0 Пікір Кіру