Әлемдегі ең арзан бензин Қазақстанда - на finance.bugin.kz
Kymbat Slyambekov - на finance.bugin.kz Kymbat Slyambekov

Еуропа елдері арасында ең арзан бензин Қазақстанда болып шықты

Еуропа елдерінің ресми статистикасына сүйенген Новости Ресей Ақпарат агенттігі кәрі құрлық мемлекеттеріндегі жанар-жағармай бағасын салыстырып көрді.

Нәтижесінде Қазақстандағы бензин бағасы ең төменгісі болып шыққан. Ресей валютасымен есептегенде, Қазақстандағы 95 маркалы бензиннің бір литрлі 27,9 сомға тең болған. Ал екінші орында тұрған Ресейдегі бұл бензин 45,5 сомға саудалануда.

Ал үшінші орында Белоруссия мемлекеті жайғасқан. Ондағы 95-тің бағасы 52 сомға тең. Төртінші орынға орналасқан Украинада бензин 74,7 сомға саудалануда.

Сондай-ақ, Қазақстандағы дизель отыны да ең арзаны болып шықты. Көрші Ресейде бұл отын 46,1 сомға сатылып жатқан болса, Қазақстанда оның бағасы 31,9 сомға тең болып отыр. 


0 Пікір Кіру