Тендерге әркімнің-ақ бар таласы: Тендер дегеніміз не?  - на finance.bugin.kz
Қазақ журналист - на finance.bugin.kz Қазақ журналист

Біздегі мемлекеттік сатып алуды жүргізу жүйесінен аздаған ақпарат

Жалпы "тендер" дегеніміз не? Оған кімдер қатыса алады, өтінім беру мен жалпы механизмнің қалай жұмыс жасайды? Мақаламыздан оқи отырыңыздар.

Тендер дегеніміз мемлекет қажеттіліктері мен мұнай компаниялары, ұлттық компаниялар мен кез-келген мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, соның ішінде әскери бөлімдер, ауруханалар, мектер, мемлекеттік ЖОО  және т.б ұйымдардың қандай да бір қажеттіліктері (мәселен, әскери бөлімдер үшін сарбаздарға арналған киімнен бастап аяғы ауыр бронетехникалар мен оқ-дәрілерге дейін, қару-жарақ, ал мектептер мен білім мекемелері үшін шаруашылық заттардан бастап кеңсе заттарына дейін) осы тендер порталдары арқылы конкурс, бір көзден сатып алу, баға ұсынысы секілді түрлері лот түрінде жарияланады. Негізінен тендерге шығарылатын, яғни, мемлекет көптеп тұтанатын қызметтер мен тауар түрлері төмендегідей:

- шаруашылық тауарлар (кеңсе заттары қағаз қаламнан бастап, еден шууға арналған шелек, бояулар және т.б)

- офистік техникалар (компьютер, ноутбук және т.б)

- мемлекеттік көліктер (полиция қызметі, Ұлттық Қауіпсіздіа Комитеті, ауруханаларға арналған көліктер)

- аудиторлық,есеп-қисаптық қызмет түрлері 

- құрылыс саласы

- жоғарғы IT қызметтері (кибернетикалық қауіпсіздік, сертификатталған программалық жабдықтау тағысын тағы....)

- мемлекеттік мекемелер үшін ғимараттарды жалға алу (конкурс түрінде)

- тасымал түрлері.

Бұл сатып алуларға кез келген өзін кәсіпкер ретінде тіркеген физикалық яки заңды тұлға қатыса алады. Негізгі Қазақстан нарығында өндірушілерге, қызмет түрін ұсынушыларға негізгі 3 портал қызмет көрсетеді. Олар:

- goszakup.kz (бұл порталда әскери бөлімдер, мектеп, аурухана және т.б мекемелердің тендерлері орналасады, мұнда Қазақстанда өткізілетін бүкіл тендердің 75-80% ресми емес дерек көздер бойынша);

- zakup.sk.kz (Бұл порталда САМРҰҚ-ҚАЗЫНА ұлттық әл-ауқат қорының тендерлері, негізінен, Самрұқ Қазынаға бағынатын компаниялар олардың ішінде "Қазақстан Темір Жолы" АҚ, "ҚазақТелеКом" АҚ, "ҚазАтомПром" АҚ және т.б ұлттық компания тендерлері жарияланады, ресми емес деректер бойынша мұнда қатысушылар саны аз, сондай-ақ орташа маржаның проценттік көрсеткіші 25-40% құрайды);

 - reestr.nadlock.kz (бұл портал негізінен мұнай өндіруші, мұнай өнімдерін экспорттаушы жалпы еліміздегі мұнай компанияларының тендерлері, мұндағы маржа шамамен 38-52%-ды құрайды);

Мелекеттік сатып алу регламанттері мен нұсқаулықтар,орындалу шарттары Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері ішіндегі "Мемлекеттік сатып алу" туралы заңымен реттеледі. Сондай-ақ бүгінгі таңда бұл тендерлердің 90%-ға жуығы электронды түрде жүзеге асырылады.

Келесі мақаларымның бірінде сіздермен тендерден қалай қаржы табуға болады, қандай құжаттар талап етілетіні жайында мақала жазатын боламыз.

0 Пікір Кіру