Uber компаниясы рекордтық шығынға ұшырады   - на finance.bugin.kz
Plumeria - на finance.bugin.kz Plumeria

5,2 млрд доллар шығынға кетті

Uber компаниясы екінші тоқсанда рекордтық шығынға ұшырады – 5,2 млрд доллар. Есептілікке сәйкес, 2019 қаржы жылы қызмет көрсету шығындары алты есеге жуық өсті. 2018 жылдың екінші тоқсанында шығындар тек 878 млн долларды құраған болатын. Есепті кезеңде Uber түсімі тек 14%-ға,  яғни 2,78 млрд доллардан 3,17 млрд долларға дейін өсті.

Шығындардың өсуі IPO шығындарының жоғары болуымен байланысты. Есептілікке сәйкес, Uber бұған 3,9 миллиард доллар жұмсаған. Компания биржаға өзінің жүргізушілерімен шығуына байланысты тағы 300 млн доллар төлеген. Сондай-ақ, The Wall Street Journal әлемдік нарықтағы бәсекелестіктің артуы, терифтерді субсидиялау мен жүргізушілердің тартуға жұмсалған шығындардың кесірінен аталмыш компания үлкен шығынға батты дегенді айтады. 

Forbes-та Uber компаниясының атқарушы директоры Дара Хосровшахи 2019 жыл шығындар тұрғысынан компания үшін ең ауыр жыл болғаны, алайда шығындар 2020 және 2021 жылдары азаяды деп санайтындығы жазылған.

Компания басшылығы нашар қаржылық көрсеткіштер аясында бөлімшені оңтайландыру үшін маркетинг бөлімінің 1200 қызметкерінің 400-ін жұмыстан босатқан, деп хабарлайды Inc.

Сонымен қатар сервис бизнестің басқа бағыттарында дамытуды бастайды. Uber Eats табысы тоқсан ішінде 72%-ға өскен. 2023 жылға қарай Австралияда Uber Air әуе таксиі іске қосылып және бұл қызмет Американың екі қаласында да пайда болады.

habr.com


0 Пікір Кіру