Өзбекстанға көп кеткен: Қазақстаннан шетелге қанша қаржы кетті? - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Биылғы жылдың алғашқы алты айында ел азаматтары халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы шетелге 281,8 млрд теңге жөнелтті

Қомақты қаржының 70%-ы Ресей, Өзбекстан, Түркия мемлекеттеріне жіберілді.Қазақстаннан Ресейге - 98,9 млрд, Өзбекстанға - 54,8 млрд, Түркияға - 39,2 млрд теңге кетті. Өзбекстанға аударылған ақша көлемі 19,4%-ға артты.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстыратын болсақ, биыл шетелге аударылған ақша көлемі былтырғыдан 6,2%-ға артық болды. Шетелге ақша жөнелткендердің басым бөлігі «Золотая Корона» халықаралық ақша аудару жүйесіне жүгінген.

2019 жылдың I жартыжылдығында аталмыш ақша аудару жүйесі арқылы шетелге 202,4 млрд теңге жөнелтілген. Бұл алты айда Қазақстаннан шетелге аударылған барлық ақшаның 71,8%-ы. Былтыр дәл осы уақытта бұл көрсеткіш 61,1%-ды құраған. Western Union арқылы ел аумағынан тыс жерге 35 млрд теңге аударылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,3%-ға көп көрсеткіш. Unistream халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы шетелге 11,5 млрд теңге жеткізіліпті.

Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 48,6%-ға кем көрсеткіш екен. Сөз басында Ресейге - 98,9 млрд теңге аударылғанын айтқанбыз. Осы сан солтүстіктегі көршіміздің көш басында тұрғанын көрсеткен.

Дегенмен биылғы ақша аудару көрсеткіші былтырғы нәтижеден 8,9%-ға аз болыпты. Қазақстаннан Ресейге жөнелтілетін ақшаның үлесі 40,9%-дан 32%-ға төмендепті. Керісінше Өзбекстанға аударылған ақша көлемі 16,8%-дан 19,4%-ға, ал Түркияға аударылған ақша 11,1%-дан 13,9%-ға артыпты.

inbusiness.kz

0 Пікір Кіру