Ақшаңыз көп болсын: Ол үшін қандай әмиян таңдаған дұрыс? - на finance.bugin.kz
Айжан Омарова - на finance.bugin.kz Айжан Омарова

Сіз білесіз бе?

Егер жалақыдан жалақыға дейін қаржы жетпей жүрсе, бұған сіздің әмияныңыз «кінәлі». Өйткені ақша - өте ерке әрі қыңыр: бір әмиянға ықыласпен енсе, енді біреуіне мүлде жоламайды.

Баяғыда адамдарға ақша ретінде асыл тастар қызмет еткен. Әрине, оны арнайы ыдыстарда сақтаған. Яғни, алғашқыда қарапайым тері қапшықтар болған, бірақ біздің ата-бабаларымыз көп ұзамай жаңадан «ақшасақтағыш» ойлап тапқан, байлықты тартудың жолын білген. Ежелгі археологиялық қазбалардан табылған, түрлі моншақтармен безендірілген «портмоне» соның айғағы. Адамдар әмиян әдемі болған сайын ақша көбейе береді деп түсінген.

Бүгінде заман өзгеріп, баяғы асыл тастардың орнына қағаз купюралар келді. Бірақ әмиянның магиялық қасиеті әлі күшін жойған жоқ. Яғни, қандай материалдан жасалғаны, түсі, көлемі мен энергетикасы өте маңызды!

«Бақытты» әмиянның бірінші шарты сол, ұстағанда қолыңызға ыңғайлы болуы керек, егер алақаныңыздан сырғанай берсе, онда ақша ұзақ тұрмайды. Сондай-ақ психологтар айтқандай, тым кішкентай немесе өте үлкен әмиян адамның ақшаға деген қарым-қатынасы қандай екендігін білдіреді.

Екінші шарты, әмиян таңдағанда алақ-жұлақ, жеңіл ойлы түстерден аулақ болыңыз. Ақша салмақтылықты ұнатады. Бұл жерде әмиянның қара немесе қоңыр түсті болуы міндетті емес. Мейлі қызыл болсын, бірақ алқызыл емес. Күңгірт көк, бағалы сапфир түсті болсын, бірақ көгілдір болмауы тиіс. Сосын сары мен ақтан алыс жүріңіз. Өйткені бұл түстер ақшаға ықпал ете алмайды. Шамасы, алтын  мен күмістің түсімен жарысу оларға оңай тимесе  керек...

Үшінші шарты, шын мәнінде тек табиғи теріден жасалған әмиян ғана байлықты тарта алады. Айта кетейік, оның құны да қымбат тұрады. Бұл дұрыс: ақшаны бағалы әмиянға салу арқылы оған деген құрметті, қадірлеуді білдіреміз. Психологтардың принциптеріне жүгінсек, егер адамға ақшаны қайда сақтау бәрібір  болса, ол ешқашан байымайды. Ал қомақты ақшадан қорқатындар, табысты жобалардан бас тартатындар ішкі дүниесіндегі проблемалардан арылмайынша кедей болып жүре береді.

Сонымен ақша үзілмейтін әмиян қандай болуы керек? Әрине, жақсы жабылатын, ұсақ  және ірі ақшаларға, кредиттік карточкаға, басқаға да тиесілі қалташалары болғаны дұрыс. Ал әмиянда бәрі ретсіз, шашылып жатса, ақша да бірде бар, бірде жоқ болады. Ақша көбейсін десеңіз, әмиянға дамыған  елдердің тиындарынан екі жұбын салып қойыңыз. Сондай-ақ қытайдың декоративті тиындары да (қызыл жіппен байланған үш данасы) жақсы көмектеседі. Егер Таро картасының тұз динариі әмиянда болса, қаржыға байланысты келіссөздер мен ақша жасау жолдары шешіле береді.

 


0 Пікір Кіру