А.Мамин АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Д.Хэйлмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. - на finance.bugin.kz
Plumeria - на finance.bugin.kz Plumeria

Орталық Азия мен АҚШ елдері арасындағы диалог

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Орталық Азия мен АҚШ елдері арасындағы диалогты дамыту бойынша «С5+1» отырысына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келген АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хэйлмен келіссөздер жүргізді.

Тараптар ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ президенті Дональд Трамп арасында 2018 жылы АҚШ-қа ресми сапары аясында жасалған уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. АҚШ Қазақстан экономикасына ірі инвесторлардың бірі болып табылады. 2005 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде АҚШ-тан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $40 млрд. құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ҚР-дағы америкалық инвестициялар $5,3 млрд. жетіп, жаңа абсолютті рекорд орнатты. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында екі ел арасындағы тауар айналымы $1,1 млрд құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,8%-ға жоғары.

Дэвид Хэйл Қазақстанның АҚШ инвесторлары үшін тартымдылығын атап өтті.

- Біздің экономикалық қарым - қатынастарымызды дамытуға зор әлеует бар, - деп Асқар Мамин, энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар, логистика, туризм, авиағарыштық өнеркәсіп салаларындағы елдердің өзара тиімді ынтымақтастығын тереңдету перспективаларын атап өтті. – Сіздің сапарыңыз елдердің өзара іс-қимылын нығайтуға елеулі серпін беретініне сенімдімін.

dknews.kz


0 Пікір Кіру