Өзбекстан сомын еркін айналымға жіберді - на finance.bugin.kz
Plumeria - на finance.bugin.kz Plumeria

Сомға деген сұраныс артқан

Өзбекстанның Орталық банкі 20 тамыздан бастап сом валютасын еркін ағымға жіберді, енді оның бағамы құбылмалы болмақ, деп хабарлайды ТАСС.

Бұл туралы Орталық банктің төрағасы Мамаризо Нұрмұратов мәлімдеді.

- Орталық банк сомды қалыптастыруда максималды бес пайыздық ауытқуды болдырмауға шешім қабылдады. Енді бағаны сатып алушылар мен сатушылар қалыптастырады. Бұл объективті экономикалық қажеттілік, - дейді Нұрмұратов.

Реттеуші бұл валюта бағамының қалыптасуына сыртқы факторлардың әсерін күшейтуге мүмкіндік беретінін айтты. Реттеушінің айтуынша, соңғы уақытта ішкі валюта нарығында сұраныстың тұрақты өсуі байқалды, бұл «отандық тауар өндірушілердің сыртқы және ішкі нарықтардағы бағаның бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуімен» байланысты.

Орталық банк коммерциялық банктерге қолма-қол шетел валютасын сатуға рұқсат берді.


0 Пікір Кіру