Трамп қытай тауарларына салынатын салықты тағы да көтеретінін айтты - на finance.bugin.kz
Orash - на finance.bugin.kz Orash

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы одан әрі өршіді

23 тамыз, жұма күні АҚШ президенті Дональд Трамп әлемнің екі ірі экономикасы арасындағы сауда соғысындағы соңғы соққыларға жауап ретінде Қытайдан келетін көптеген импорт түрлеріне тарифтердің мөлшерін көтеретінін айтты деп6 хабарлады CNBC ақпарат агенттігі.

- Ақ үй 1 қазанда қытай өнімдеріне салынатын баж салығын 25% -дан 30% -ға дейін көтереді. 1 қыркүйектен бастап күшіне енетін 300 миллиард долларлық қытай тауарларына бағытталған тарифтер енді 10% емес, 15% болады, - деп жазды АҚШ президенті Твиттер парақшасында.

Трамптың жұма күнгі Қытай туралы жазбасы АҚШ-тың негізгі қор индекстерінің бір күнде 2%-ға дейін артуына көмектесті. АҚШ-тың 300 миллиард долларлық қытай өнімдеріне қойған тарифтеріне жауап ретінде Қытай 75 миллиард долларлық АҚШ тауарларына  жаңа тарифтер жариялағаннан кейін сауда соғысы күшейе түсті.

 Кейінірек Трамп Твиттер парақшасында тағы да:

- Америкалық компанияларға Қытай тауарларына балама іздеуді бастаңдар, сонымен бірге зауыттарды өз елдеріңе әкеліп өнімдерді АҚШ-та жасаңдар,- деп  бұйырды.

Алайда ол фирмаларды Қытайдан қайтаруға мәжбүрлеуге қаншалықты өкілетті екендігін ашып-жарып айтпады.


0 Пікір Кіру