Білім және ғылым министрлігінің басшыларына ақша жымқырды деген айып тағылуда - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Министрлік қызметкері Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне шағымданып, басшылардың келісімшартқа күштеп қол қойғызғанын айтып отыр

Министрлікке қарасты Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алулар жөніндегі департамент директоры Анар Қайырбекова жауапты хатшы Арын Орсариев пен вице-министр Рустем Биғариді қызмет көрсету жөніндегі келісімшартқа күштеп қол қойғызып, ақшаны өздері «иемденіп» алды деп айыптап отыр, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

- Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Орсариев жемқорлық жүйені басқарып отыр. Ведомства ішіндегі былыққа тойтарыс бергенім үшін менің қудалау басталды, - деп мәлімдеді Анар Қайырбекова.

Қайырбекованың келтірген дерегі бойынша, серверлерді көшіру жұмысына 48 млн теңге бөлінген. Алайда ақша аударылғанымен, іс атқарылған жоқ.

- Қылмыстың белгілерін барын біліп, мен келісімшартты визалауды тоқтатып, вице-министр Биғари мырзаға қарсылық көрсеттім. Келісімді тоқтау керектігі жайлы Орсариевке айттым. Алайда жауапты хатшы маған қысым көрсете отыра, шартқа қол қойғызып, қаржыны аударып жіберді. Оған дейін Биғари мен Орсариев мені сомасы 100 млн теңгелік келісімшартқа қол қоюға мәжбүрледі. Мен қарсылық білдірдім. Сол кезде «сізбен жұмыс істеу қиын болып кетті» деп мәлімдеді, - дейді Қайырбекова.

Ал бұған түсініктеме берген білім министрі Асхат Аймағамбетов құзіретті органдардың жауабын күту керек деп жауап берді.

- Содан кейін ғана нақты ақпарат тарата аламыз. Бізге арыз (Анар Қайырбековадан – ред.) түсті. Тексеріс жүргізіледі, - деді министр.

Айта кеткен жөн, бұған дейінгі білім вице-министрі Эльмира Суханбердиева да жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталған еді. Оған тек 2500 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл салынған болатын.

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/X3LAWFmqkbs" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe> 

0 Пікір Кіру