Данияр Назарбаевтың қайын атасы да сотқа тартылды - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Инвестициялық қордың қаржысын талан-таражға түсірген

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Данияр Назарбаевтың қайын атасы, Малайзияның бұрыны премьер-министрі Наджиб Разактың қазір соты болып жатыр.

Оған мемлекеттік инвестициялық қордан көмекшісі арқылы $546 млн қаржыны өз есепшотына аударып, ақша жымқырды деп айып тағылып отыр. Қордан қаржы құралын аударудың сызбасын жасап шығарған қаржыгер Лоу Тэк Чжоның жеке есепшоттарының барлығы Наджиб Разактың «айнасы», яғни, соның жасырын есепшоттары болып шыққан.

- Екі адамның әрекеттері бір адамдікі ғана, - дейді прокурор.

Қазіргі уақытта Лоу Тэк Чжоның өзі жасырын жүр. Оның лақап аты Джо Лоу.

Наджиб Разакқа қатысты тағы бір айыптың сот отырысы кеше болған. Ол кезде де оған мемлекеттік инвестициялық қордан өзінің еншілес компаниясына инвестиция қаржысын аударып, ақша қымқырды деген айып тағылған еді. Бұл отырыстың келесі уақыты 11 қарашаға белгіленген.

Прокурорлардың айтуынша, егер осы айып дәлелденетін болса, онда осы отырыстың да айыбын дәлелдеу оңайырақ болмақ.

Малайзиялық басылымдардың хабарлауынша, экс-премьер мемлекетітк инвестициялық қорды басқарған жылдары барлығы 4 млрд долларды қолды қылған.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Данияр Назарбаевтың әйелі, Наджаб Разактың қызы Нуриана Раджабқа да салық төлеуден жалтарды деп айып тағылған болатын. 

РИА Новости

0 Пікір Кіру