Баюдың ең жақсы жолы - на finance.bugin.kz
Айболат - на finance.bugin.kz Айболат

Ақшаны тек қана үнемдеумен ешкім де бай болмайды

Бүгін сіздерге арнап бір пайдалы пост жазайын. 
Бастамас бұрын сізге сұрақ: Ойда жоқта қолыңызға 1 млн теңге түссе қайда жұмсайсыз?
Әуелі кіріспе...

Дамыған ел қатарына кіретін мемлекеттердің басым көпшілігін орта тап құрайды. Біздің елімізде 18 млн халық бар. Оның ішінде, тәуелсіз ұйымдар зерттеуі бойынша, 35-40% орта тапқа жатады екен. Орта тапқа жылдық табысы $8280-9900 болатын (3,2 - 3,8 млн теңге) құрайтын адамдар тобы кіреді. Біздің елде, көбіне, бұл топқа енетіндер еліміздің ірі қалаларында шоғырланған. Бұл топтың пайыздық өлшемінің артуы мемлекеттің қуаттылығын көрсетеді.
Ал енді негізгі сұрақ: "Мемлекет сенген орта тап болып, одан да жоғарылау үшін не істемек керек?". 

Роберт Кийосаки тілімен айтқанда, активке ие болу керек. Яғни, активке жұмсаған ақша сіздің қатысуыңызсыз жұмыс істеп, сізге ақша әкеліп тұру керек. Бүгінгі қоғамда алынып жатқан несиелер, өсіммен алынған қарыздар активті құру үшін емес, керісінше, батпаққа одан сайын бату үшін алынып жатыр (той,жаңа телефон, жаңа теледидар және т.с.с).

- Менде актив құратын ақша жоқ.

- Онда, сізге сол активті құру жолындағы алғашқы қадамды жасау қажет. Ол - әр ай сайын 10% (1% пайыздан бастасаңыз да болады) өз жалақыңыздан жинап отыру. Белгілі уақыт өткеннен кейін жиналған сомманы телефон, не той жасау үшін емес, белгілі бір салаға, не тауарды сатып алуға жұмсау. Бұл негізгі қадам.

Көп созбау үшін, посттың басындағы сұраққа қайта оралсақ, "Ойда жоқта қолыңызға 1 млн. теңге түссе қайда жұмсайсыз?"

0 Пікір Кіру