Қазақстанда екі сиырдың құны 1 млн 800 мыңға дейін жетеді - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Сиыры қымбат өңір Түркістан болып шықты

ҚазТаг агенттігінің тілшілері өңірдегі сиырлардың бағаларын есептеп, қай өңірдің сиыры қымбат, ал қай өңірдікі арзан екендігін анықтады.

Басылымның жазуына қарағанда, Қазақстандағы сиыры ең қымбат аймақ – Түркістан облысы екен. Мұндағы сиырлардың ең «сүттісі» 900 мың теңгеге, ең «арығы» 220 мың теңгеге бағалануда. Яғни, бұл өңірде қос сиыр сатып алсаңыз, 1 млн 800 теңге дайындай беріңіз.

Келесі сиыры қымбат өңір – Қарағанды. Мұндағы сиырлардың ең қымбаты 700 мың теңге. Бұл өңірден екі сиыр сатып алу үшін 1 млн 400 мың теңге керек.

Одан кейінгі сиыры қымбат аймақтарға Қызылорда мен Маңғыстау («сүтті» сиырлары 500 теңгеден), Ақмола мен ШҚО және Жамбыл облыстары (450 мың теңге), Солтүстік Қазақстан (440 мың теңге), Батыс Қазақстан (430 мың теңге), Павлодар мен Қостанай (400 мың теңге) жатады. Алматы мен Ақтөбеде қымбат сиырлар 370 мың теңгеден болса, Атыраудағы ең қымбат сиыр 300 мың теңге тұр.

Ал ең арзан сиырлардың бағасына келсек, ең арзаны Ақмолада екен. Бар-жоғы 100 мың теңгеге сиыр сатып алуға болады. Одан кейінгі ең арзан сиырлар Қарағандыда – 130 мың теңге, Қостанадай – 150 мың теңге, Солтүстік Қазақстанда – 155 мың теңге, Ақтөбеде – 160 мың теңге, Алматыда – 170 мың теңге, Павлодар, ШҚО және Жамбылда – 200 мың теңге, Батыс Қазақстанда – 230 мың теңге, Атырауда – 250 мың теңге, Қызылордада – 280 мың теңге, Маңғыстауда – 350 мың теңге.

0 Пікір Кіру