Мәжіліске жаңадан барған депутаттардың жалақысы белгілі болды - на finance.bugin.kz
Plumeria - на finance.bugin.kz Plumeria

Депутаттың еңбек өтіліне қарай үстеме қосылады

ҚР Парламент Мәжілісіне жаңадан тағайындалған депутаттардың жалақысы белгілі болды.

16 тамызда Nur Otan-ның партиялық тізімі бойынша Гүлшара Әбдіқалықоваға, Нұржан Әлімжановқа, Нұржан Әшімбетовке және Жұлдыз Омарбековаға Парламент Мәжілісі депутаттарының мандаттарын беру туралы шешім қабылданған еді.

- Бекітілген заңнамаға сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының жалақысы - 684 874 теңге және бұл сомаға депутаттың еңбек өтіліне қарай үстеме қосылады, - делінген ресми жауапта.

Сондай-ақ, баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, соңғы рет Мәжіліс депутаттарының жалақысы 2017 жылы қазан айында өзгерген. Бұл мемлекеттік орган басшылары орынбасарларының жалақысы деңгейімен сәйкес келеді.

Tengrinews.kz


0 Пікір Кіру