Елорда әкімі мен орынбасарларының жалақысы қанша? - на finance.bugin.kz
Alisher - на finance.bugin.kz Alisher

Алтай Көлгінов қанша еңбекақы алады

Астаналық әкімдік қала басшысы Алтай Көлгінов пен оның орынбасарларының жалақысын жария етті. Қала әкімінің бір айлық табысы 771 007 теңге екен.

Әкім орынбасары Нұрлан Нұркенов болса, 508 543 теңге жалақы алады. Ол қаладағы сәулет, құрылыс, жер телімдері, тұрғын-үй мәселелеріне жауапты. 

Ең аз жалақы алатыны – Ермек Қизатов. Актілердің жүзеге асуына, төтенше жағдайларды хабарлау, коммуналдық шарушылыққа, қоғамдық көлік пен байланыс, автомобиль жолдары, LRT желісі мен ТЭЦ-3 нысанына жауапты орынбасардың жалақысы 386 363 теңгені құрайды.

Орынбасарлар ішіндегі ең жоғары жалақы иесі – Малика Бектұрова. Оның айлық табысы 512 365 теңге екен. Ол қаланың инвестициялық, инновациялық дамуына, мемлекеттік қызметтерге, цифрландыруға, кәсіпкерлік салаға, өндіріс пен туризмге, ауыршаруашылық салаларына жауапты.

0 Пікір Кіру