Назарбаев университетін дамытуға бюджеттен 1 млрд теңге бөлінеді - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Бұл үш жылға арналған бюджет

Назарбаев университетінің зерттеу саласында жыл сайын 400 млн теңгеге жуық қаржы аударылып отырмақ. 

- «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымына мақсатты салым ақша» 009 бағдарламасы бойынша 1 159 518 мың теңге сомасында, оның ішінде жыл сайын 386 506 мың теңге сомасында қаржы жұмсау қарастырылуда, - делінген 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасында.

Бұл қаржы университеттің зерттеу саласына мамандануы мен біліктілігін арттыру үшін жұмсалмақ. Оның ішінде мемлекет ішіндегі қоғамдық-саяси жағдайларды зерттеудің талаптарын ойлап тауып, оны экспорттау мақсаты да бар.
Заң жобасы талқылауға 11 қыркүйек күні шығарылмақ. 

Zonakz.net



0 Пікір Кіру