Жеңіс Қасымбек ұшақ билеттерінің қалай арзандатылатынын айтты - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Самұрық-Қазына қаржы бөледі

Бұл сауалға жауап бермек болған премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек басты себеп ұшақтардың аздығында деп отыр.

- Билеттердің қымбаттауына себеп болып отырған басты нәрсе – әуе кемелер мен оның орындарының аздығы. Сұранысты қанағаттандыра алмай отыр, - дейді Қасымбек.

Оның айтуынша, биыл мамыр айынан бастап билет бағасын арзандату үшін отандық лоукостер Fly Arystan ұшақтары әуеге жіберілді әрі жыл соңына дейін бұл лоукостердің рейстері екі есеге дейін көбейтілу жоспарлануда. Яғни, күніне 14 емес, 28 ұшақ қатынайтын болады.

- Самұрық-Қазына үкіметпен бірігіп Air Astana пен Qazaq Air әуе компанияларының ұшақтарын көбейту үшін қосымша қаржы бөледі. Одан бөлек, отандық мұнай өңдеу зауыттары жөнделіп біткен соң, ұшаққа құятын жанармайлардың бағасын арзандату арқылы билет бағасын да төмендетеміз деп отырмыз, - деді Қасымбек.

0 Пікір Кіру