Қазақстанда пәтер бағасы қымбаттап барады - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Солтүстіктегі қалалардың пәтерлері қымбаттауда

Қазақстандағы қалалардың пәтер бағасына талдау жасап шыққан Крыша порталы тамыз айында да пәтер бағасының көтерілгенін анықтап отыр.

Әсіресе, Павлодар, Талдықорған, Өскемен, Алматы қалаларында баға әжептәуір көтерілген. Павлодарда бір айдың ішінде пәтер бағасы 3,5% (пәтердің бір шаршы метрі – 185 мың теңге), Талдықорғанда 2,8% (189 мың теңге), Өскеменде 2,3% (196 мың теңге) қымбаттаған.

Петропавлдің пәтерлері де 2 пайызға дейін қымбаттап, бір шаршы метрі 215 мыңға жетті, ал Қарағандының пәтерлері 1,6% қымбаттап, 207 мың теңгеге тірелді.

Ал Алматыда жағдай біршама қалыпты. Пәтер бағасы 1,4 пайыз қымбаттаған, пәтерлердің бір шаршы метрі 389 мың теңгеден саудалануда.

Жалпы алғанда, Қазақстандағы пәтерлердің бағасы бір айдың ішінде 1,2% өскен. Ал бір жылдың ішінде пәтер бағасы 7,2% қымбаттаған. Бір жылдың ішінде Петропавлдің пәтерлері 16%-ға дейін, Өскемен 15%-ға, Шымкент 14%-ға, Алматы 13%-ға, Талдықорған 12%-ға қымбаттаған.

 

 

0 Пікір Кіру