Әлемдегі ең алғашқы миллиардердің 12 ережесі - на finance.bugin.kz
Гүлмира - на finance.bugin.kz Гүлмира

12 ереже

Джон Рокфеллер - алғашқы миллиардер адам. Оның барлығымызға  оқуға тұрарлық 12 ережесі бар. Біз ол арқылы көп нәрсені үйрене аламыз.

1. Біреуге аз жұмыс жасаңыз.  Өзіңіз үшін жұмыс жасамайтын болсаңыз, нашар өмір сүресіз. Жұмыс - «құл» сөзінен шыққан!

2. Ақшаңызды үнемдеңіз. Тауарларды арзан және жаппай сатып алуға болатын жерді іздеңіз.

3. Егер сіздің ақшаңыз аз болса, сізге бизнес жүргізу керек. Егер ақша мүлдем болмаса, шұғыл түрде бизнес жүргізу керек! Дәл қазір!

4. Үлкен байлыққа апаратын жол тек пассивті табыс арқылы ғана болады! Сіздің күш-жігеріңізге қарай табыс та келеді. Пассивті кіріс көзін жасаңыз және өз рахатыңыз үшін өмір сүріңіз!

5. Айына кемінде 50 000 $ қалай табуға болатынын ойлаңыз.  Мүмкін  одан да көп. Одан аз қаржы болмайды! Бұл цифрді Рокфеллер бір себеппен ұсынды: біздің әлемдегі ең бай адамдар ай сайын 50 000 $ қаржы жұмсайды.

6. Ақша сізге басқа адамдар арқылы келеді. Байланыста болыңыз! Бай адамдардың барлығы да адамдармен байланыста болады.

7. Нашар орта әрқашан сізді кедейлікке апарады. Тіпті, өте ауқатты адамдардың да қарыз сұраушы туыстары мен достары болады. Егер олармен қарым-қатынаста болсаңыз, олар сізді ақшаңыздан, мақсаттарыңыздан және арманыңыздан айырады. Егер сіз әлі де кедей болсаңыз, онда сіздің ортаңызда байларды ұнатпайды, құрметтемейді, тіпті кейбіреулер байларды жек көреді. Сіз әрдайым оптимистермен және жеңімпаздармен байланысуыңыз керек.

8. Кедейлік жауапкерсіздіктен туындайды. Өзіңіз  үшін сылтау таппаңыз. Неге сіз дәл қазіргі сәттен мақсаттарыңызды жүзеге асырмайсыз? Ең бастысы жауапкершілікті сезініп, мақсатқа қарай жол тартыңыз. Ешқандай сылтау қабылданбайды!

9. Әлемдегі ең бай адамдардың өмірбаяны мен ойларын зерттеңіз.

10. Армандар - сіздің өміріңіздің басты бөлшегі!  Арманыңызды кәсіптік бағдарламаларға айналдырып, оны толық нәтижеге жеткізіңіз! Кәсіби әзірленген әр бағдарламада өзіңіз қалаған нәтижеге дейін толық есептеу болуы керек. Тек осылай армандар орындалады!

11. Адамдарға шын жүректен көмектесіңіз! Тек өзіңіз көмектескіңіз келетін адамдарға ғана емес, көмекке мұқтаж жандардың бәріне қол ұшын созыңыз. Түскен пайдадан 10% қайырымдылыққа беріңіз.

12. Бизнес жүйелерін құрыңыз және тапқан ақшаңыздан ләззат алыңыз. Бизнес жүйелерін құру туралы - түсінікті.  Бірақ  тапқан ақшадан ләззат алу туралы айтар  болсақ, сіз оны өзіңіздің жаныңыз бен  денеңіз қалайтын заттарға жұмсаңыз. Жан дүниеңіз  үшін театр немесе кинотеатрға барыңыз, пайдалы кітаптар сатып алыңыз. Тіпті керек емес деген дүниелерді де жанның раxвты үшін сатып алуға болады. Иә, жанды денемен қатар «тамақтандыру» керек. Бірақ сіз дененіде ұмытпауыңыз керек.


0 Пікір Кіру