Қазақстан азаматтарының зейнетақы қорында қанша ақшасы бар? - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Баспана алуға пайдалануға бола ма?

Үкімет отырысында баяндама оқыған елдің Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазіргі уақытта БЖЗҚ қорындаа қанша қаржы сақталғаны жайында мәліметтер ұсынды.

- Қазіргі уақытта жинақтау қорында 10 трлн теңге қаржы бар. Ал салым жинаған азаматтардың саны 10 млн адамға жетіп жығылады. Сонда орта есеппен әрбір қазақстандықтың зейнетақы салымында 1 млн теңгеден бар деген сөз. Әрине, бұл соманы азаматтардың толықтай шешіп алуына болмайды. Өйткені зейнетақы – келешектің қаржысы. Оны сақтай білу қажет. Біз зейнетақы қаржысын азаматтарға тиімді жолмен берудің жолдарын қарастыратын боламыз. Оның жолдары көп, - деді Нұрымбетов.

Сонымен қатар, министр "баспанасы да, зейнетақы салымдары да жоқ азаматтардың пәтер сатып алуына зейнетақыдағы қаржысын қолдануға бола ма?" деген сауалға "қолдануға болатындығын, тек қазіргі уақытта қаржы берудің тетіктері қарастырылып жатқанын" жеткізді.

- Жылдың соңына дейін бұл мәселенің анық-қанығы белгілі болады, - деді министр.

Zakon.kz

 

0 Пікір Кіру