Қытай экономикасы нашарлауда - на finance.bugin.kz
Plumeria - на finance.bugin.kz Plumeria

Бұл сауда мәмілелерін ықтимал етеді

Қытайдың экономикалық құлдырауы жалғасуда. Бұл елге АҚШ-пен сауда қатынастарын қалпына келтіруге және экономикасын дамыту үшін қосымша шаралар қабылдауға ынталандыруы мүмкін деп хабарлайды Cnn.com.

Дүйсенбіде ел Қытайдың экономикасы үшін маңызды көрсеткіш болып табылатын өнеркәсіп өндірісі – өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда 4,4%-ға ғана өскенін көрсетті. Бұл шілде айындағы сектор көрсеткіштерінен де нашар: ол кезде өндіріс 4,8%-ға өскен еді. Әрі бұл 17 жылдық өсімнің ең төменгісі болып отыр.

Өнеркәсіптік өндіріс маңызды, өйткені ол Қытайдың өндірістік, тау-кен өндірісі және коммуналдық салаларындағы негізгі кәсіпорындардың өнімін өлшейді. Соңғы көрсеткіш Рейтер агенттігі жүргізген сауалнамаға қатысқан 5,2% өсімінен де нашар болды.

Дүйсенбіде Қытайдың Ұлттық статистика бюросы жариялаған мәліметтер де нашар болып шықты. Бөлшек сауданың өсуі тамыз айында 7,5%-ға дейін баяулады, шілде айымен салыстырғанда жылдық есеппен 7,6%-ға ғана өскен.

Осылайша әлемнің екінші ірі экономикасы болып отырған Қытай сауда соғысының кесірінен құлдырауға тап болып отыр. Соңғы уақыттары Қытай елі АҚШ-пен арадағы шиеленісті шешу үшін біршама жеңілдіктерге жол бере бастаған сынды. Мәселен, өткен аптада Америкадан тасымалданатын соя мен шошқа етіне салынатын салықты алып тастаған болатын.

- Қытайдың мұндай жеңілдікке баруы экономикалық құлдыраудан қорыққанының белгісі, - дейді

Гонконгтағы Азия үшін Mizuho Bank-нің бас валюталық стратегі Кен Чунг Кин Тай.

Қытай Халық банкі соңғы апталарда ел экономикасын ынталандыру үшін бірнеше қадамдар жасады. Осы айдың басында ол сегіз айда алғаш рет резервтік талап коэффициентін төмендетіп, банктер резервте ұстауы тиіс қолма-қол ақшаның мөлшерін азайтты.

Алайда Қытай үкіметінің өзі экономикамыз құлдырап жатқан жоқ деп мәлімдеп отыр.

- Экономикамыз үлкен, икемді және маневр жасауға мүмкіндігі зор, - деген еді Қытай Премьер-министрі Ли Кэцян, дүйсенбі күні Қытай үкіметі жариялаған стенограммаға сәйкес, ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатында.


0 Пікір Кіру