Хуситтер қазақстан экономикасының өсуіне көмектесе ала ма? - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Экономистің пікірі

Өткен аптада Иран жеріндегі хуситтердің әскери тобы Саудиядағы мұнай нысанын өртеп жіберген еді. Соның кесірінен әлемдегі мұнай қорының басым бөлігін экспорттап отырған Сауд Арабиясы келеңсіздікке тап болып, өндірілетін мұнай көлемін азайтқан болатын.

Соның арқасында әлемде мұнай бағасы көтеріліп, теңгенің құны өскендей болды. Ал қазақстандықтар «хуситтер Қазақстан экономикасын құтқарды» деп әзілдеп жатыр. Бұл қаншалықты дұрыс? Осы оқиғадан кейін, шынымен де, ел экономикасы тәуір жолға түсіп, теңге көтеріле ме?

Бұл сауалдарға жауап іздеген Караван басылымы қазақстандық экономист Арман Бейсембаевқа жүгінген екен. Ал экономист болса, бұл құбылыстың уақытша екенін айтып отыр.

- Үлкен өсім болады деп күтудің қажеті жоқ. Мұнай бағасының қымбаттауы уақытша ғана. Әлемде мұнай жетпей жатыр деген ақпарат еш жерде жоқ. Сауд Арабиясы өндіре алмаған мұнайды басқа елдер өндіре алады. Әсіресе, АҚШ-тың бұған деген дәмесі зор. Ол ОПЕК елдерінен мұнай сатып алып, әлемдік нарыққа шығара алады, - дейді Бейсембаев.

Оның айтуынша, ОПЕК елдері мұнай бағасын өсіру үшін өндірісті қанша жыл бойы азайтып келе жатса да, еш нәтиже жоқ. Яғни, мұнайдың бағасы өндірістің азаюына байланысты емес.

- Сондықтан мұнайдың бағасы жақын арада 72-75 доллардың айналасында болғанымен, алдағы уақытта бәрібір арзандайды. Ал теңге ары кетсе, 370-375-ке дейін көтерілуі мүмкін, - дейді экономист.


0 Пікір Кіру