Мерекеге орай  қарттарға бір реттік төлем беріледі - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Қарттар күні мерекесі тойланғалы жатыр

Қарттар күні мерекесіне орай жыл сайын жасы бойынша зейнетке шыққан елордалықтарға бір реттік ақшалай төлем беріледі. Биылғы жылы бұл сома - 6313 теңге.

Елорда әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 25 қыркүйектен бастап 1 қазанға дейін 2,5 айлық есептік көрсеткіш – 6313 теңге көлемінде төлем төлейді. Аталған төлем жасына байланысты зейнеткерлерге (зейнетақы жасы әйелдер үшін – 58 жас, ерлер үшін – 63 жыл) есептелген. Бұған дейін бұл көмек ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушыларға 30 тамыз ҚР Конституциясы күніне орай көрсетілген болатын.

Басқарма қызмет ету туралы келісім-шартқа тұрған келесі банктерде шоттары бар зейнеткерлерге ғана аталмыш төлемді кедергісіз жібере алады. Олар:  Альфа-Банк, АТФ Банк, Центркредит банкі, Еуразиялық банк, Jýsan Bank (Цеснабанк), Halyk Bank (Халық банк), Нұрбанк, Сбербанк, ForteBank  және Қазпошта.

0 Пікір Кіру