Social Unrest. Адамзат тарихындағы ең үлкен пара. Не білуіміз керек? - на finance.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на finance.bugin.kz Марғұлан Ақан

Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк және Дүниежүзілік сауда ұйымы - бір апанның бөрілері

Joseph Stiglitz – экономика ғылымдары бойынша 2001 жылы Нобель сыйлығын алған, бұрынғы АҚШ президенті Клинтонның экономика істері бойынша бас кеңесші әрі Дүниежүзілік банктің бұрынғы жетекші экономисі.

Экономистің айтуынша, барлық елге берілетін «дәрінің» құрамы бірдей:

1-дәрі: Жекешелендіру

Анығын айтар болсақ, «Паралау». Көмек сұраған мемлекеттің басшысы мемлекет меншігіндегі мал-мүлікті сатып беруге келісім берсе, сауда сомасының 10 % оның Швейцариядағы құпия есебіне барып түседі.

Экономист сөзімен айтасақ, «Олардың көзі шарасынан шыға жаздайды», не дегенмен бұл неше жүз миллион доллар ақша ғой!

Адамзат тарихындағы ең үлкен пара 1995 жылы Ресейде мемлекеттік меншікті жекешелендіру желеуімен үлестіріліп берілгенде, «Құрама штаттардың қазына министрлігі оған бәрекелді айтып, алақан соқты, себебі бізге Ельциннің сайлануы керек еді. Парамен өткен сайлау ма, емес пе, онда біздің шаруамыз жоқ. Біз ақшаны Ельциннің қалтасына құя бердік».

2-дәрі: Капитал базарын ырықтандыру

Теориялық тұрғыдан алып айтқанда, капиталды ырықтандыру капиталдың емін-еркін айналысқа түсуіне тиімді. Алайда Азия елдері мен Бразилиядағы қаржы дағдарының шын жағдайына бақсақ, шетелдік капиталдың емін-еркін, апыр-топыр енуі ішкі қора-жай, жарна, шек базарларын шектен тыс көтермелеп жіберетініне көзіміз жетеді. Дағдарыстың төбесі қылтия бастасымен шетелдік капитал шегініп кете барады, әсіресе, ең алдымен алыпсатар капитал қашып кетеді де, апатқа ұрынған мемлекеттердің шетел валютасы қоры айналасы бірнеше күнде, тіпті бірер сағаттың ішінде қаңырап қалады. Халықаралық валюта қорынан көмек алу үшін ақша айналымын қысып, өсім мөлшерін 30, 50, тіпті 80 пайызға көтеруге тура келеді, бұл барып тұрған сорақылық емес пе?! Өсімнің мұнша жоғарлауы қора-жай құнын аяусыз кемітіп, өнеркәсіптің өндіріс қабілетінен айырып, талай жылдан бері қордаланған байлықты селге кетірумен тынбақ.

3-дәрі: Бағаны базар арқылы белгілеу

Қаржы апаты қабырғасын сындырып, «Шықпа, жаным, шықпа» деп әрең отырған мемлекеттерге халықаралық валюта қоры енді азық-түлік, ауыз су, табиғи газ сияқты қараша халықтың өміріне тығыз қатысты заттардың бағасын күрт көтеру талабын қояды, ал оның ақыры ереуіл-шеруге, тіпті, бүлікке айналып жүре бермек.

1998 жылы Индонезия үкіметі халықаралық валюта қорының талабына сай азық-түлік пен жанар затқа берілетін үстеме ақыны азайтып, аяғы үлкен бүлікке айналды. Боливияда су бағасының өсуіне байланысты қала халқы бүлік көтерді. Эквадорда табиғи газдың қымбаттауы қоғамдық дүбіліске (у-шу) тап қылды. Осының бәрі халықаралық банкирлердің межесінен шығып жатты. Олардың тілінде бұл «Қоғамдық дүбіліс» (Social Unrest) деп аталады. «Қоғамдық дүбілістің» ықпалымен капитал торғайдай тозып, «балапан басына, тұрымтай тұсына кетеді». Ал ескі жұртта қалған арзан мүлікке сілекейі шұбырған халықаралық банкирлердің қанды тұмсығы қадалады.

4-дәрі: Еркін сауда

Осы жағдайға байланысты, экономист Дүниежүзілік сауда ұйымының еркін сауда шартын «апин соғысы» деп атады. Ол әсіресе «зияткерлік меншіктің» шартына қатты наразы болды, «зияткерлік меншіктің» мұнша қымбат бағалануы және өрескел «кеден бажысының» үстелуі батыс елдерінің дәрі зауыттары өндірген дәрі-дәрмектердің бағасын аспанға ұшырды, бұл «жергілікті халықты өлімге итергенмен» бірдей еді, «олар (батыстың дәрі-дәрмек серіктестері) халықтың өлі-тірісімен санаспайды да».

Joseph Stiglitz былай дейді, халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк және Дүниежүзілік сауда ұйымы - бір апанның бөрілері, бар айырмасы жамылған тонында ғана. Халықаралық валюта қорының ашық базар жөнінде қоятын қатаң шарттары тіпті үкіметаралық Дүниежүзілік сауда ұйымын шаң қаптырып кетеді.

Дереккөз: «Ақша соғысы» кітабы

0 Пікір Кіру