Әблязов АҚШ-та сотталуы мүмкін - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Соталды процестер тәмам

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында осыдан 4 жыл бұрын бұрынғы БТА банк басшысы Мұхтар Әбілязовқа қылмыстық іс ашылған еді. Оған Америка Құрама Штаттарынан ақша жымқырды деп айып тағылған болатын.

Содан бері Алматы әкімдігі Әбілязовтың қылмысын дәлелдеу үшін деректер іздеп, көптеген фактілер тапты. Сотқа дейінгі тергеу амалдары қазір аяқталудың аз-ақ алдында тұр.

- Сондықтан Әбілязовтың соты 2020 жылы АҚШ-та өтетін болады, - деп хабарлады ҚР Әділет министрлігі.

Алматы әкімдігі мен БТА банк өкілдері Әбілязовты 2015 жылы тағы бір рет сотқа беріп, оның Нью-Йорктегі, танымал Flatotel-дегі үйін тартып алған еді. Өйткені бұл жылжымайтын мүлікті Әбілязов алаяқтықпен атына жаздырып алған көрінеді.

Сондықтан осы жолғы сот Әбілязов үшін біршама жеңіл болмақ.

Zakon.kz

0 Пікір Кіру