Әлемнің үздік интернет-дүкені – ALIEXPRESS - на finance.bugin.kz
Аяулым - на finance.bugin.kz Аяулым

40 мың қызметкері бар компания

Интернет сауда, онлайн тапсырыс  ­̶  ХХІ ғасырдың ең дамыған қолжетімді саудасы. Тек Интернет желісі  өз қызметін жақсы атқарса болды. Үйде отырып өзіне керекті нәрсеге қоңырау шалып немесе почта, әлеуметтік желілер арқылы ұсыныс жіберсе болғаны, курьер мен пошта қызметкерлері жұмысқа бірден кіріседі. Жәрайды, бұлардың бәрін айналдыра келе не туралы айтатынымды түсініп те отырған шығарсыз. Әңгіменің төркіні - осы интернет дүкендердің ең алпауыты AliExpress жайында болмақ.       

Алиэспресс туралы кез келген тұрғыннан сұрасаңыз, «қытайдың интернет магазині ғой» деп бірден жауабын дайындап тұрады. Ия, әлемдік экономика мен бизнесте барған сайын дамып отырған Алиэкспресс жайында екінің бірі біледі. Бірақ Қытай тауарын сатушы дүкеннің аты мен затын алуды білгенімен, ол туралы толығырақ қызықты әрі керек мәліметтерді біле бермейді. Сонымен, «Алиэкспресс» дүкенінің түп төркіні қайда жатыр?

Алиэкспресс – Алибаба компаниясының жұрнағы. Қазіргі уақытта онлайн дүкен – шағын делдалдардың жұмысына арналған алаң ретінде құрылған, бөлшек және көтерме саудада салыстырмалы түрдегі кішкентай сатушылардың жұмысына арналған онлайн-платформа түрі.

Тарихына көз жүгіртер болсақ, Alibaba group жұмысы 1999 жылдан бастау алды. Ағылшын пәніні мұғалімінің Джек Ма және оның серіктестері, яғни 17 досы Alibaba Group компаниясының негізін қалап, интернет сайттарды жасады. Бұл интернет-ресурс орта және шағын бизнес үшін құрылған болатын. Уақыт өте келе, ресурс дамып, қазіргі кезде ең үлкен интернет-нарыққа айналды. Компанияға Alibaba.com, Tmail, Taobao, Aliexpress жобалары кірді. Солардың ішінде Aliexpress.com түріндегі жеке филиал 2010 жылдың көктемінде ашылды.

Алиэкспресстің штаб пәтері Қытайдың Хинчжоу қаласында орналасқан (Чжэцзян провинциясының астанасы). Штаб – өте үлкен, фуртуристік дизайн бойынша салынған. Шағын қалашық деп те айтуға болады, себебі офистан бөлек кафе, фитнес зал, спорттық алаңдар, дүкендер мен басқа да ғимараттар штабын құрап тұр. Штаб 40 мың жұмысшыға арналып салынған.

Картинки по запросу штаб квартира алиэкспресс

Сарапшылардың пікірінше, 2017 жылға қарай Alibaba Group-тың жалпы тауар айналымы 471 милллиард долларға жеткен, бұл АҚШ-тағы ең ірі сауда желісі Wal-Mart-тың айналымынан асып түсуі мүмкін.

Картинки по запросу рейтинг алиэкспресс

Онлайн дүкенде 50 миллионнан астам тауар түрлері сатылады. Ең көп сатып алушы ретінде Ресей көш бастап тұр. АҚШ пен Бразилия сәйкесінше Ресейден кейін. Ресей Федерациясындағы орташа чек 20 долларды құрайды.Тұтынушылардың Алиэкспресстен тауар алуға қызығуының бірден бір себебі – жаппай сатылымның көп болуы. Сатушылар тұтынушыларға брэндтегі немесе қолданыстағы ең қажетті тауарларды арзан бағамен ұсынады. Бұған қызыққан тұтынушының арзан бағадан бас тартуы мүмкін емес, әрине.Сонымен қатар, тауардың жеткізілуі тегін.

Картинки по запросу товары алиэкспресс

Биыл онлайн дүкеннің Aliexpress болып қарқынды жұмыс жүргізіп жатқанына 9 жыл толды. Осы жылдар арасында әлем Aliexpress-тің бірашама жаңалықтары мен қызықты мәліметтеріне қанық болды. Мәселен, Forebes журналының беттеріне есімі енген Джек Ма компанияның бар болғаны 7% акциялық үлесін иемденіп отыр. Бұл акциялық үлеспен-ақ Джек Ма Қытайдың ең ауқатты адамы атанған. Ал Alibaba компаниясы болса Қытайдың 80% электронды дүкеніне иелік етеді. AliExpress 2015 жылы 11 қараша күні (грандиозный ) жаппай сатылым жасаған. Алғашқы 12 минуттың өзінде-ақ компанияға 1,57 млрд табыс түскен. Соңғы жаңалықтарға сәйкес дүкенде XIAOMI компаниясының соңғы үлгідегі смартфоны сатылымға шықты. Сондай-ақ, енді Алиэкспресс алтын мен күмістен жасалынған қымбат әшекейбұйымдарды да сатылымға шығармақшы. Оған ағашқы серіктестер болып Sokolov және Sunlight ритейлері болып табылады.

Картинки по запросу alibaba

Әлеуметтік желіні қарап отырып, кейде ALiExpress тауарларның күлкілі суреттеріне куәгер болып жатамыз. Тұтынушылар бұны юмор ретінде желіге жүктей отырып, күткен затының ойындағыдай шықпағанына ашуланғанын да айтып жатады. Осыған сәйкес, әлемдік дүкеннен мына заттарға тапсырыс бермеуді ұсынамыз: жасанды брендтер (Gucci, Adidas, Nike, Armani және т.б); шашқа арналған лак, әтір, дезодоранттар; табиғи тон; аңшылар мен балықшыларға арналған сыйлықтар (суық қару, электрлі өзек, торлар мен жапон қылышы) – бұл заттар тыйым салынған заттар болып есептеледі; қаруға ұқсас ойыншықтар (ішінде оттық пен пейнтбол жабдықтары болуы әбден мүмкін); сертификатсыз гаджеттер; өсімдік тұқымдары; экзотикалық тауарлар. Әрине, егер осы аталған тауарларды алуға бас тартасаңыз саудаңыз сәтті жүреді деп сенімді айта аламыз.

Осылайша, AliExpress заман талабына сай әлемдік саудада өз орнын ойып тұрып алып отыр. Бұндай жетістікке жетуінің басты себебі тынбай еңбек етуде екенін Джек Ма ерекше атап көрсетті. Қызметкерлердің күніне 12 сағат жұмыс жасауының нәтижесі компанияны әлі талай жетістікке жеткізетіні айдан анық. Alibaba group-тың жасап жатқан ерлігі басқалар үшін таңдай қақтырарлық нәрсе болса, компания үшін жәй ғана – тәжербие, еңбектерінің жемісі.





0 Пікір Кіру