Қазақстан Өзбекстанға мал сатуға тыйым салды - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Қой мен сиырды

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі қой мен сиырды шетелге тірідей сатуға жарты жылға дейін тыйым салды. Атап айтқанда, саулық қой мен тоқтыны, ұрғашы бұзаудан бастап ту сиырға дейінгілердің барлығын сатуға тыйым салынып отыр.

Министрліктің мұндай қаулы қабылдауына өңделген еттің орнына тірі малдың шетелге көп сатылып кетуі себеп болып отыр. Елде бар 175 ет өңдеу зауыттары толық күшпен жұмыс істеп жатқан жоқ. Өйткені шикізат аз. Осындай шектеу арқасында қазақстандық кәсіпорындарға өткізілетін малдың еті көбейер деген болжам бар.

Одан бөлек, былтыр Өзбекстанға Қазақстаннан 50 мың бас ірі қара сатылған. Ал биыл алты айдың ішінде 63 мың бас сиыр сатылып үлгерген. Ауыл шаруашылығы министрлігі мұны "қиын жағдай" деп бағалап отыр. Ал өзбектердің көрші елден мал сатып алуына елде шағын кәсіпкерлікті, фермерлік шаруашылықтарды дамытуға арналған жеңілдетілген несиелердің жаппай беріле бастауы себеп. 

Қаулы 11 қазан күні қабылданды, енді 21 қазаннан кейін заңды күшіне енеді.

Қазақстандағы тірі малдардың көбі Өзбекстанға сатылып кетеді. 2018 жылы Өзбекстанға 1,7 млн тонна ет пен 3,8 млн сүт сатылған. Енді үкімет экспорттың көлемін арттырып, 2019-2020 жылдары Өзбекстанға сатылатын етттің көлемін 3,5 млн тоннаға дейін, сүтті 12 млн тоннаға дейін көтеруді ойлап отыр.

0 Пікір Кіру