Қазақстан - Еуразиялық одақта ең көп шығынға кірген ел - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Одақ елдері арасындағы сауда айналымы 3 пайыз азайған

Экономикалық статистикалық деректер бойынша, Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында Қазақстан ең көп шығынға батқан ел болып отыр, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар плафтормасы Lsm.kz деректеріне сілтеме жасап.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап тамызға дейін одақ елдерінен Қазақстанға енген тауарлардың құны $9,3 млрд болса, Қазақстан одақ елдеріне құны $4 млрд болатын тауар көлемін ғана шығара алған. Яғни, шамамен, $5,3 млрд ұтылып отыр.

Ал Беларусь елінің шығыны – $4,7 млрд, Қырғызстандікі – $925 млн, Армениянікі – $513 млн.

Одақ елдерінің арасында пайда көрген мемлекет – Ресей ғана. Ол $11,2 млрд пайда көрген. Ол сегіз айдың ішінде одақ елдеріне $24,4 млрд доллардың тауарын экспорттап, $13,2 млрд доллардың тауарын сатып алған.

Жалпы тоғыз айдың ішінде одақ мемлекеттері арасындағы тауар айналымы $38,6 млрд болған. Бұл былтырғы жылдан 3 пайыз төмен.

0 Пікір Кіру