Трамп: Президент болу үшін миллиардаған қаржы жұмсадым - на finance.bugin.kz
Plumeria - на finance.bugin.kz Plumeria

Трамптың жылдық жалақысы - 450 мың доллар

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің елі үшін жалақы алмау туралы шешім қабылдағаны және оған қоса жеке қаражатынан миллиардтаған долларды жоғалтқаны үшін өкінбейтіндігін айтты.

- Мен Doral-ды (G7 саммитін өткізуге ұсынылған Майамидегі демалыс орны) ақысыз түрде ұсынатын едім. Жалақымды беріп отырған сияқты, мен ол үшін де көп ақша жұмсар едім. Менің ойымша, шамамен 450 мың долларды құрайтын президенттік жалақымды да толығымен беріп отырмын, - деді Трамп.

Оның айтуынша, Джордж Вашингтоннан басқа Американың бірде-бір президенті жалақысынан бас тартпайды. 

Сөз барысында Трамп президент болуы көп ақша жұмсағанын да айта кетті. Есептеуінше, саяси мансап оған екі миллиард доллардан бес миллиард долларға дейін шығын келтірген. Оны ол «ақша табуды ысырып қойып, президенттік қызметпен ғана айналысқандығымен» түсіндіреді.

- Егер мен мұны қайтадан жасауым керек болса (екінші рет президент болу), мен келісер едім. Мен мұны елім мен халқым үшін жасап отырмын. Өйткені бұған бай адам ғана бара алады, - деді Трамп. 



0 Пікір Кіру