Әкімдердің жалақысы қанша? - на finance.bugin.kz
Камшат Абылгазиновна - на finance.bugin.kz Камшат Абылгазиновна

Шенеуніктердің жеке өміріне уақыт жетпейді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері сауалнама жүргізу барысында мемлекеттік қызметкерлердің 70 пайызы жеке өміріне уақыт жетпейтіндігін айтқан.

Жұмыстың қаурыт болуына байланысты көптеген адамдар кездесуге айына бір реттен ғана барады. Әрбір бесінші мемлекеттік қызметкер күйзелісте.

Соған қарамастан мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы өте жоғары. Кеткен уақыттың өтемақысын ақша ғана қайтара алатындай.

- Жұмысқа тәжірибесіз келген сарапшы үстемеақыларды қосқанда, қолдарына шамамен 250 мың теңге алады. Егер аттестациядан өткен қызметкерлерді алсаңыз, 15 жылдан астам еңбек өтілі бар аса маңызды істер бойынша офицер қолына 600-700 мың теңге алады, яғни, бұл – әкімдердің жалақысымен тең, - деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің кадр жұмысы департаментінің басшысы.

Zakon.kz


0 Пікір Кіру