Неге сіз бай болмайсыз? - на finance.bugin.kz
Хамит Махамбет - на finance.bugin.kz Хамит Махамбет

Қалай бай болуға болады?

Қалай бай (материалдық байлық, төменде де осы мағынада) болуға болады? 

Іздегеніңіз ақша, мәртебе, абырой болмауы тиіс, байлық болуы керек.  Бай адам - бұл ұйықтап жатса да өзіне ақша тауып жататын активтердің иесі. Ақша - бұл уақыт пен байлықты қолдану құралы. Мәртебе, статус - бұл қоғамдағы орын. 

Егер сіз жасырын бай болудан қорықсаңыз не бай адамдарға теріс оймен ғана қарайтын болсаңыз онда қайта ойланып көріңіз. Сіздің бай болуыңыз мүмкін нәрсе, тек қалай?) 

Сіз уақытыңызды жалға жұмысқа ғана жұмсасаңыз бай болмайсыз. Қаржылық бостандыққа жету үшін бір бизнесте үлес болу керек, кәсіпкер не өте кәсіби маман(өз саласында елдегі топ 3) болу қажет. 

Қоғамға керек бірақ қоғам оны әлі білмейтін өнім не қызмет түрін ойлаңыз. Ұзақ мерзімді жоспармен кәсіпті таңдаңыз және адамдармен араласыңыз. Интернет және маркетинг құралдарын меңгеріңіз. Программалау, геймификациялау,сату өнері, лидер болу,коммуникация, оптимизм және т.б. soft skils дағдыларын үйреніңіз. 

Өзіңізді еркіндікке, ординарлы емес ойлауға,шығармашық-жасампаздыққа, тәуекелге бара алуға,креативке,жауапкершілік пен және қайтпас қайсарлыққа тәрбиелеңіз. 

Архимед атамыз айтқандай: 

"Маған жердің тірегін және соған сай жеткілікті ұзын тұтқаны берсе, мен жерді төңкеремін". (Яғни, салдардың себебі болады) 

Бай болудың жолдары жайлы ойлаңыз. Блог, Влог, подкаст жазып көріңіз. Жаңа нәрсеге ардайым құмартып жүріңіз. 

Бизнес туралы журналдар, кітаптар, мастер класстардан, курстардан аулақ болыңыз не аса сақтықпен қараңыз. 

Микроэкономиканы, ойындар теориясын, психологияны, сендіру дағдыларын, этиканы, математиканы және компьютерлерді үйреніңіз. 

Оқу - тыңдауға қарағанда жылдам. Әрекет - қарап отырудан қарағанда тезірек. 

Сіз бос іске, бос уақытқа қалай қарайсыз, негізі "шай ішуге" қолыңыз тимей жүру керек, бірақ өзіңізге көп алып қоймаңыз. 

Барынша мұқият жұмыс істеңіз. Сіз не істейтін болсаңыз да, сіздің ынтаңыз, талпынысыңыз нәтижеден маңызды. Қалаған нәтижеге жетпесеңіз жұмыс жасалу процесін қайта қараңыз. 

Не істесеңіз де Әлемде сол саланың ең мықтысы болыңыз. 

Ойшыл-жазушы Naval Ravikant-тың Туиттердегі жазбасынан алынды. 


0 Пікір Кіру