Итальяның ең бай адамы кім? - на finance.bugin.kz
Plumeria - на finance.bugin.kz Plumeria

Екінші орында атақты Ферреро шоколадтарының иесі тұр

Итальяның Forbes журналы ең бай адамдардың тізімін жасады. Көш басында Luxottica көзілдірігін өндіретін ірі компанияның басшысы Леонардо Дель Веккио тұр, деп хабарлайды trend.az.

1961 жылы Luxottica-ны құрған Дель Веккионың байлығы 24,2 миллиард долларға бағаланады. Осылайша, ол итальялық бай шоколад империясының иесі, 21,9 миллиард долларлық байлығы бар Джованни Феррероны басып озды.

Дүниежүзілік байлардың рейтингінде Дель Веккио мен Ферреро сәйкесінше 39 және 46 орындарды иемденді.

Итальяндық байлардың шыңында Джорджио Армани (үшінші орын және 11,2 миллиард) және 7 миллиардымен 6-шы орында тұрған Сильвио Берлускони сияқты танымал кәсіпкерлер кездеседі.

Luxottica – әлемдегі ең ірі көзілдіріктер мен көзілдірік жиектемелерінің өндірушісі. Оған Ray-Ban, Oakley, Vogue Eyewear, Persol, Oliver Peoples маркалары тиесілі. 

2017 жылы Luxottica әлемдегі линзаның бас өндірушісі Француз Essilor компаниясымен қосылған болатын.



0 Пікір Кіру