Бизнес саласы: Нұр-Сұлтанда грантты кімдер иеленді? - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Бизнес саласы бойынша грант үлестірілді.

Нұр-Сұлтан қаласының 63 кәсіпкері «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы шеңберінде өз бизнес-идеяларын жүзеге асыруға гранттар алды. Бұл туралы Елорда әкімдігі хабарлайды.

Қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда бизнес-жобалар 2,6 есеге өскен. 2018 жылы грант 24 кәсіпкерге берілсе, биыл олардың саны 63-ке жетті.

«Гранттар өз ісін жаңадан бастап жатқан 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерге, 50 жастан асқан әйелдер мен мүгедектерге берілді. Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкерлер негізінен тауар өндіру, білім беру, киім тігу, ақпараттық технологиялар, баспа ісі, ғылым, сәулет және қызмет көрсету саласында жұмыс істейтіндер», - деді әкімдіктен.

Айта кетейік, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға республикалық бюджеттен - 128 млн теңге, сондай-ақ Жастар жылына орай «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша (29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға) қосымша 75 млн теңге бөлінді.

inform.kz

0 Пікір Кіру