Өзбекстанда газ мен мұнай кен орны табылды (видео) - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Ішкі нарық

АҚШ-тың Epsilon Development Company компаниясы Өзбекстанның оңтүстігінен газ бен мұнай кен орнын тапты. Кен орынның мұнай қоры 10 млн тонна болса, газдың көлемі – 10 млрд текше метр, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Прайм агентігіне сілтеме жасап.

Мұнай табылған жері – Өзбекстанның Қашқадария облысы. Осы жылдың наурыз айында аталмыш Америка компаниясы мен Epsilon Asia Limited атты Гонконг компаниясы арасында Өзбекстанның бес мұнай кен орнына инвестиция құю туралы консорциумға келген болатын. Осы келісімнің арқасында аталмыш компаниялар Бұқара мен Ферғана облыстарындағы мұнай кен орындарына 2023 жылға дейін 5,2 млрд доллар инвестиция құймақ.

Келісімге сәйкес, өндірілген мұнай мен газ басында Өзбекстанның ішкі нарығында сатылатын болады.

0 Пікір Кіру