Әл-Бағдади өлгеннен кейін малинуа тұқымды иттердің бағасы қымбаттап кетті - на finance.bugin.kz
Plumeria - на finance.bugin.kz Plumeria

25 $ мыңнан 85 $ мыңға дейін көтеріліп кеткен

АҚШ-тағы ит асыраушылар Малинуа тұқымды иттің бағасы қымбаттап кеткенін айтып отыр. 

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядағы «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) лаңкестік тобының басшысы әл-Бағдадидің өлтірілгені айтып мәлімдеме жасағаны, ал тапсырманы орындау "тамаша бір жауынгер иттің" көмегі көп болғаны себеп болған. Ол иттің фотосуретін Трамп, тіпті, Twitter-де де жариялады.

АҚШ-тың арнайы операциялық қолбасшылығына малинуаларды берген - Ruidoso Malinois тәлімбағы. Оның иесі Ирен Хаукрофт айтуынша, тәлімбаққа келіп, малиуананы сатып алғысы келгендер көбейген. Бір иттің бағасы 85 мың долларға дейін жеткені кезі болған көрінеді. Қазіргі уақытта тәлімбақта 70-тен астам малинуа бар.

Ал бұған дейін малинуаның біреуі 16-25 мың доллар, күшіктері 2 мың доллардан сатылған екен. 



0 Пікір Кіру