Қазақстан мен Қытай бірігіп бірлескен даму жоспарын жүзеге асырмақ - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Тағы бір келісім

Бейжіңде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары ‒ қаржы министрі Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесі төрағасының орынбасары Хань Чжэннің төрағалығымен ҚР ‒ ҚХР Ынтымақтастық комитетінің IX отырысы өтті. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР ‒ ҚХР Ынтымақтастық Комитетінің IX отырысында сауда-экономикалық, энергетикалық, ғылыми-техникалық, қаржылық, көлік, мәдени-гуманитарлық, су және экологиялық, геологиялық және кедендік ынтымақтастық пен қауіпсіздік саласындағы 10 мамандандырылған кіші комитеттердің және екі бірлескен комиссияның жұмыс нәтижелері қаралды.

Тараптардың даму мақсаттары мен тұжырымдамалары ұқсас, тығыз байланыс пен үйлестіру бар, сондай-ақ түрлі салалардағы ынтымақтастықтың сапасы мен деңгейі күн санап жақсарып келе жатқаны айтылды.

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларға бағытталған (2020-2025 жж.) Бірлескен даму жоспарын жүзеге асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

ҚР мен ҚХР арасындағы өзара сауда-саттық аясын кеңейту мақсатында Қытайға қазақстандық экспорттық өнімдерді, оның ішінде энергетика мен ауылшаруашылық өнімдерін жеткізу көлемін арттыру туралы келісім жасалды.

Отырыс қорытындысы бойынша Комитет төрағалары Хаттамаға қол қойды.

Тараптар Комитеттің Х отырысын 2021 жылы Қазақстанда өткізуге келісті.

Айта кеткеніміз жөн, Қытайда жүрген қазақ делегациясы осымен үшінші келісімге қол жеткізіп отыр. Бұған дейін Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Қытайдағы Ухань қаласының вице-мэрі Сюй Хунлань екеуі Қазақстанның тамақ өнеркәсібі тауарларын Ухань қаласына сату бойынша келісімге қол қойған еді

Ал Қазақстан премьер-министі Асқар Маминмен кездесу кезінде Қытайдың премьер-министрі Ли Кэцян ынтымақтастықты арттыру бойынша жаңа келісімдер жасауға әзір екенін жеткізген еді. 

0 Пікір Кіру