Қытай 10 трлн долларлық Жер-Ай экономикалық аймағын құрмақшы - на finance.bugin.kz
Orash - на finance.bugin.kz Orash

Ғарыш экономикасын қолға алмақ

Қытай 10 трлн долларлық Жер-Ай экономикалық аймағын құрмақшы, деп хабарлайды RT.COM ақпараттық сайты.

Жер Қытайдың экономикалық мақсатына аздық ететін сияқты, енді ол 2050 жылға дейін Айды жаулап сонда экономикалық аймақ құрғысы келеді.

Ресми БАҚ Қытай аэрокосмостық ғылыми-техникалық корпорациясының (CAST) ғылым және технологиялар комитетінің басшысы Бао Вэйминнің сөзіне сілтеме жасап, жаңа аймақ Жерді, Айды және олардың арасындағы кеңістікті қамтитындығын мәлімдеді.  Аталмыш агенттік  Ұлттық ғарыш бағдарламасының бас мердігері болып табылады.

Бұл салаға қатысты сарапшылардың айтуынша, жоба Қытайға 10 трлн долларға жуық кіріс әкелуі мүмкін екен.

Жер мен Ай кеңістігін дамыту туралы баяндамасында Бао:

- Айдағы кен орындары үлкен экономикалық әлеуетке ие, сондықтан еліміз  планетамыз бен оның жер серігі арасындағы сенімді, арзан әуе-ғарыштық көлік жүйелерін зерттеуі керек, - деді.

Негізгі технология 2030 жылы аяқталады, ал негізгі көлік технологиялары 2040 жылы құрылады деп күтілуде. Шенеуніктің айтуынша, осы ғасырдың ортасына қарай Қытай ғарыштық экономикалық аймақты сәтті құрып шыға алатын көрінеді.

Соңғы жылдары Қытай өзінің ғарыш саласын қарқынды дамытып, Айды зерттей бастады. Осы жылы шілдеде Қытай Айға тасымалдаушы зымыранды ұшырып, былтыр «Chang’e 4» детекторын ғарышқа жіберді.


0 Пікір Кіру