Қытайдың Қазақстанға 80 млрд доллар құйғаны рас па? - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Ресей БАҚ

Ресейдің «Коммерсант» басылымының хабарлауынша, Қытайдың Қазақстанға құйған инвестициясы, бейресми деректерге сүйенсек, 80 млрд долларға дейін жетуі мүмкін. Мұның 20 млрд инвестициясы, яғни, төрттен бір бөлігі газ мен мұнай секторына құйылған.

- Қазақстан – Қытайдың ТМД елдері ішіндегі Ресейден кейінгі ең ірі экономикалық серіктесі. Ал Қытай – Қазақстанның Ресейден кейінгі ең ірі серіктесі. Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-саттық былтыр 12 млрд доллар болған. Қазақстан Қытайға, көбінесе, мұнай, астық, металл, газ сатады, - деп жазады Коммерсант.

2019 жылдың сәуірінде Қазақстан «Бір белбеу – бір жол» форумы аясында Қытайдың 55 жобаны жүзеге асыруға келісіп, 27,6 млрд доллар инвестиция алды. Алайда бейресми деректерге сүйенсек, Қытай Қазақстанға 27 млрд доллар емес, 80 млрд доллар инвестиция құйған.

- Ал Қазақстанның Қытай алдындағы қарызы 12 млрд доллар, - деп жазады басылым.

0 Пікір Кіру