Қазақстанның ақшасы Ресей мен Өзбекстанға кетіп жатыр - на finance.bugin.kz
Bugin.kz - на finance.bugin.kz Bugin.kz

Шетел азаматтарына аударылып жатыр ақша

Қазақстанға аударылған ақшадан гөрі, Қазақстаннан сыртқы елдерге аударылған ақша көп болып отыр. Шамамен, 213 млрд теңге артық аударылған. Әсіресе, Ресей мен Өзбекстанға аударылған қаржы бәрінен көп.

Finprom.kz сайтының мәліметтеріне сүйенетін болсақ, егер жыл басынан бері Қазақстаннан шетелге 474 млрд теңге аударылса, оның 153 млрд теңгесі Ресей, 104 млрд теңгесі Өзбекстанға аударылған.

Алайда бұл мемлекеттерден Қазақстанға аударылған ақша сыртқа шығарылған қаржыдан әлдеқайда аз. Егер жыл басынан бері Ресейден Қазақстанға 103 млрд теңге аударылса, жоғарыда аталғандай, Қазақстанға солтүстіктегі көршіге 153 млрд теңге аударылған. Ал Өзбекстанға 22 млрд теңгенің орнына 104 млрд теңге, яғни, бес есе көп қаржы аударылған.

Ал Қазақстанға аударылған ақшаның арасында Ресей – бірінші орында тұр. Одан 103 млрд теңге елге келген. Екінші орында – Оңтүстік Корея. Одан 49 млрд теңге Қазақстанға келген.

0 Пікір Кіру