Капиталистік жүйе бұзылды - на finance.bugin.kz
Orash - на finance.bugin.kz Orash

Дүние астаң-кестең, жүйе бұзылды (миллиардер Рэй Далио)

Миллиардер қаржыгер және әлемдегі ең үлкен хедж-қор саналатын "Bridgewater Associates" компаниясының негізін қалаушы, 160 млрд доллар активті бар Рэй Далио «Дүние хаосқа айналып, жүйе бұзылғанын» айтты деп хабарлайды "CNBC" агенттігі.

Далиодың айтуынша, қазір әлемде шамадан тыс несие беру, үкімет қарызының ұлғаюы, бай мен кедейдің алшақтауы сынды үлкен мәселелер бар.

- Мұндай қиындық ұзақ уақытқа жалғаспауы керек еді, өкіншіке орай, 2008-ші жылы бастау алған дағдарыс әлі  жақсарған жоқ. Сондықтан мен әлем үлкен парадигмалық ауысуды бастан кешуде деп ойлаймын, - деп жазды.

Далио биыл 70 жаста. Шамамен, 19 миллиард доллар байлығы бар. Ол осы парадигманың ауысуы өзінің лауазымына қандай әсер ететінін нақты айтқан жоқ, бірақ ол капиталистік жүйені мықтап сынға алды. Шілде айында CBS-ке берген «60 минут» сұхбатында Далио:

- АҚШ экономикасы өзгеруі керек, әйтпесе байлар мен кедейлер арасында «жанжал» туындайды, - деді ол CBS телеарнасына берген сұхбатында. 

"Капитализм негізінен көп адамдар үшін пайдасыз" деп тұжырымдайды кәсіпкер. 

- Біз экономикалық тұрғыдан сатып алуға құлықсыз жағдайдамыз. Бұған қарсы орталық банк (мысалы, АҚШ Федералды резерві) сатып алуды ынталандыру мақсатында ақша-несие саясатын дамыту үшін көп жұмыс істеуде. Алайда компаниялардың қаржылық активтерінің бағасы өсті және сатып алушылар үшін болашақта күтілетін кірістер төмендеді, ал экономикалық өсу мен инфляция әлі де өте төмен деңгейде, - деді.

Сонымен бірге, Далио АҚШ үкіметіне ақша жетіспеушілігінің туындағанын, және әлі де шығындалуда екенін, өйткені “қызыл сызық”-тың өсіп келе жатқанын, Үкімет зейнетақы мен денсаулық сақтау сияқты міндеттемелерді қаржыландыруы керек екенін айтты.

- Ақша жетпеу салдарынан жеңілдіктерді қысқарту;, салықты жоғарылату, артық ақша басып шығару сияқты жағдайлар болуы мүмкін, - деп жазды Далио мырза.

- Ақшаны жұмысшыларға және басқаларға жұмсау механизімі дұрыс жұмыс істемегендіктен, капиталистік жүйе бұзылды, - деп сөзін қортындылады. 

0 Пікір Кіру